20 қаң, 2020 сағат 11:06

Қазақстан сейсмологтары кезекті жер сілкінісін тіркеді

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 20 қаңтар күні Алматы уақытымен 13 сағат 33 минут 32 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Зілзала ошағы Алматы қаласынан 355 шақырым қашықтықта Қытай аумағында орналасты.

«Энергетикалық санаты – 9,7. MPV магнитудасы – 4,2. Тереңдігі – 5 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәліметтер жоқ», - делінген ақпаратта.