08 мам, 2019 сағат 16:39

Қазақстан президентінің күзет қызметіне жаңа басшы тағайындалды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары - президенттің күзет қызметінің бастығын тағайындады, деп хабарлады Ақорда.

"Мемлекет басшысының өкімімен Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы президентінің күзет қызметінің бастығы қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Оған дейін бұл қызметке 2018 жылдың қарашасында Ардақ Әшімбекұлы келген еді.