17 шіл, 2018 сағат 09:00

Қазақстан Президенті Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды

Мемлекет басшысы Павлодар қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі

Сапар барысында бірқатар өнеркәсіп кәсіпорындарын аралау, сондай-ақ Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының және «Президенттің бес әлеуметтік бастамасының» жүзеге асырылу мәселелері жөніндегі кеңеске қатысу жоспарланған.