#
#
Сенбі 16/11/2019

Қазақстан Президенті Паралимпиадалық жаттығу орталығына барды

  • 17.05.2019
  • 0
  • 1028

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Паралимпиадалық жаттығу орталығына барды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына халықаралық қолжетімді стандарттар бойынша қайта жаңғыртылған, мүмкіндігі шектеулі жандарға толықтай ыңғайластырылған жаттығу, ойын залдары, жүгіру жолағы, жекпе-жек және пауэрлифтинг аумағы бар паралимпиада орталығы таныстырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев паралимпиадалық ойындарды мемлекет қолдайтынын әрі халықаралық ареналардағы біздің спортшыларымыздың жетістіктерін мақтан тұтып, жоғары бағалайтынын айтты. Сонымен қатар, Токиода өтетін Паралимпиадалық ойындарда жоғары деңгейде өнер көрсету үшін ұйымдастыру және қаржылық қолдау көрсетілетінін жеткізді.  

– Осы орталықтың арқасында елордамыздағы мүмкіндігі шектеулі жандарға спортпен шұғылдану тегін болып отыр. Елімізде 680 мыңға жуық әртүрлі деңгейдегі мүмкіндігі шектеулі жан бар. Қолымыздағы деректерге қарағанда сол азаматтардың 3 пайызы ғана белсенді түрде спортпен айналысады екен. Бұл жағдайды өзгерту үшін жұмыс істеп жатырмыз. Бүгін түске дейін еңбек және жұмыспен қамту бойынша кеңес өткіздім. Сол жиында мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмысқа орналасуын жіті назарда ұстау керектігі айтылды. Бұл – үлкен әлеуметтік міндет. Ерекше қажеттілігі бар адамдардың толыққанды өмір сүруіне бар күшігімізді салуымыз керек, – деді Қазақстан Президенті.

Кездесу соңында мүмкіндігі шектеулі спортшылар өз өнерлерін көрсетті.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар