12 мау, 2019 сағат 17:44

Тоқаев: "Кездейсоқ және кінәсіз ұсталғандарды босату керек"

Қазақстан Президенті Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына еліміздегі заң мен құқық тәртібінің сақталуы жөнінде ақпарат берілді.

Қазақстан Президенті Бас прокурорға азаматтардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету жөнінде тез арада шаралар қабылдауды тапсырды.

– Ұсталған тұлғалардың нақты саны мен олардың кінәларының деңгейін анықтау қажет. Наразылық орнында кездейсоқ кінәсіз азаматтар мен тұлғаларды босату керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Содай-ақ, Мемлекет басшысы бұл тапсырмасын өзінің Твиттердегі парақшасында нақтылады.