17 мам, 2019 сағат 08:47

Қазақстан Нью-Йоркте тұрақты даму мақсаттарына қатысы есебін таныстырады - Мамин

ХІІ Астана экономикалық форумы аясында Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі бірінші қазақстандық форум өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан аумағында тұрақты даму мақсаттарына арналған форум алғаш рет өтіп отыр. БҰҰ мүшелерімен білім және идея алмасу Астана экономикалық форумының тұрақты бөлігіне айналарына үміттенемін. Осы мүмкіншілікті пайдаланып, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Армида Салсия Алишахбана ханымға барлығымыз үшін де тұрақты әрі сапалы болашақ құруға бағытталған күш-жігері үшін ризашылығымды білдіремін», - деді шараның ашылуында  ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин.

Осы ретте Асқар Мамин ҚР Үкіметі әлемдегі экология сапасы, теңдігі мәселелерінде БҰҰ-ға толықтай қолдау көрсететінін айтты. Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру жолында адами даму жөніндегі есепте айтарлықтай жетістікке жеткенін атап өтті. Бүгінде еліміз 198 елдің ішінде 58-орынға тұрақтағанына назар аудартты. 

Сонымен қатар ҚР Премьер-Министрі Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл инвестиция және оны жүзеге асыру үшін мүмкіншіліктер жасап, технологиялық шешімдерді дамыту инвестициялық жобаларға арналған негіз екенін айтты.

«Қазақстан әлемнің жаһандық индексінде 17-орынға тұрақтады. Тұрақты даму мақсаттарының және оларға қатысты бастамалардың басым бөлігі біздің стратегиялық құжаттарымызбен барынша ықпалдастырылған. Үкімет БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттары аясындағы бастамаларына да жан-жақты қолдау көрсетеді. Тұрақты даму мақсаттарын енгізудің алғашқы айларының бірінші ерікті есебін Нью-Йоркте саяси деңгейде ұсынбақпыз», - деді А.Мамин.

Сондай-ақ, ол инвестициялар - Қазақстанның экономикасының дамуы мен өсімінің іргелі факторы екен атады.

«Инвестициялар - біздің экономиканың дамуы мен өсімінің іргелі факторы болып қала береді. Тәуелсіздік алған жылдардан бері Қазақстан экономикасына 300 млрд доллар инвестиция тартылған. Біздің бұл жетістіктеріміз - аймақтағы бәсекеге қабілетті әрі ірі экономикаға ие болуға мүмкіндік берді. ЖІӨ өткен жылы 4 пайызға өсті. Сыртқы сауда 20 пайызға артып, оның әсері экспорт көлемін 26 пайызға арттыруға септігін тигізді. Осы қарқынды сақтай алсақ, жылдың соңына дейін экономикалық айналым 100 млрд долларға жетіп қалуы керек», - деді Үкімет басшысы АЭФ аясында елордада өткен Жаһандық инвестиция бойынша өтіп жатқан дөңгелек үстелде.

Асқар Маминнің айтуына қарағанда, 2018 жылы ғана Қазақстанға 24 млрд доллар шетелдік капитал құйылған.

Бұл Орталық Азияға салынған тікелей инвестицияның 90 пайызына тең екенін атап өту керек. «Инвестициялар мен негізі капитал да біршама өсімді көрсетіп, 20 пайызға немесе 30 млрд доллларға артты. Осы динамиканы сақтай білу үшін әлемдік жағдайларды ескере отырып, халықаралық капиталдың көптеп құйылуы үшін біршама шара қабылдау керектігін түсініп отырмыз. Міне, осы мәселелерді есепке ала отырып, инвестициялық саясатқа жаңа тәсіл енгіздік. Ол амалдар әлеуетті инвесторларды жан-жақты қолдауға негізделген», - дейді ол.

Үкімет басшысы өз сөзінде «Астана» халықаралық қаржы орталығы шетелдік тікелей инвестицияларды тартуда шешуші рөлге ие болатынын тілге тиек етті.

«Біз қалыптастырып отырған қаржылық және инвестициялық экожүйе Қазақстанды аймақтық және халықаралық қаржылық орталық етуге жол ашары даусыз. Шикізаттық емес секторға инвестиция салу жүйесін жеңілдету үшін біз Шетелдік тікелей инвестициялар қорын құрдық. 1 млрд долларлық капитализациямен қор қаржылық ресурстарын келешегі мол экспорттық салаларға бағыттай отырып, жергілікті нарықтағы акциялардың дамуына негіз болады», - дейді Асқан Мамин.

Сөз соңында ҚР Премьер-Министрі шетелдік инвесторларды Қазақстан нарығында жұмыс істеуге шақырды.

«Қазақстан инвестициялық саясаттың маңызын ескере отырып, Премьер-Министрдің жұмысына инвестициялық омбудсмен міндетін жүктеді. Шетелдік бизнеске тәжірибе үйрету мақсатында шетелдік тікелей инвестициялар бойынша Үйлестіру кеңесі құрылды. Кеңес инвестициялық жобаларды іске асыру процесі кезінде мәселе туындаса, шешім іздейтін болады. Ақырында, жеке секторға негізделген экономикалық өсімнің берік моделін құрғымыз келеді», - деді Асқар Мамин АЭФ аясында өткен Жаһандық инвестиция бойынша дөңгелек үстелде.

Үкімет басшысы өз сөзінде мемлекеттік активтерді кең ауқымда жекешелендіру жұмыстары экономикадағы өндіріс деңгейін арттырып, әлеуетті инвесторлар мен кәсіпкерлер үшін қосымша мүмкіндік ашатынын тілге тиек етті.

«Осының нәтижесінде экономикадағы мемлекеттің үлесін 2020 жылға дейін 17 пайыздан 15 пайызға азайтсақ дейміз. Инстуционалдық орта құру бағытындағы жұмсаған жігеріміз Қазақстанды аймақтағы бизнес үшін жайлы мемлекеттердің бірі ретінде танытты. 2018 жылы Doing Business есебі бойынша біз 190 елдің ішінде 28-ші орынға тұрақтадық. Инфрақұрылым мен көліктік шығындардың маңызын түйсіне келе автокөлік және темір жолдардың сапасын арттырып келеміз. «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық бағдарламасының бұл процесте маңызы өте зор.

Біз аймақ және әлем бойынша бизнес құруға болатын ең жайлы шарттарды ұсынамыз. Тұтынушылары жеткілікті ЕАЭО-ның динамикалық әлеуеті зор. Осы сәтті пайдалана отырып, әріптестерімізді және достарымызды Қазақстанға инвестиция салу мүмкіндіктерін зерттеуге шақырамыз», - деп түйіндеді Үкімет басшысы.

Қазақстан Нью-Йоркте тұрақты даму мақсаттарына қатысы есебін таныстырады - Мамин


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/kazakstan-n-yu-yorkte-turakty-damu-maksattaryna-katysy-esebin-tanystyrady-mamin_a3527316