07 қар, 2019 сағат 20:41

Қазақстан мен Ресей Президенттеріне бірқатар бірлескен жобалар таныстырылды

Қазақстан мен Ресей Президенттеріне бірқатар бірлескен жобалар таныстырылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

XVI өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин екі елдің шекара маңы аумағының инвестициялық мүмкіндіктерімен танысты. Президенттерге дайын инвестициялық жобалардың пулы ұсынылды.

Сонымен қатар мемлекеттер басшыларына Қазақстан мен Ресей шекарасындағы өткізу бекеттерінің Бірлескен іс-қимыл бағдарламасы көрсетілді. Жол картасына сәйкес бес жыл ішінде 40-тан астам автомобиль және темір жолдардағы өткізу бекеттері толықтай жабдықталады.