06 ақп, 2020 сағат 10:53

Қазақстан мен Өзбекстан Уханьнан әкелінген қазақстандықтардың жағдайын бірге бақылайды

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен Өзбекстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Алишер Шадманов телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елжан Біртанов өзінің әріптесіне Уханнан қазақстандықтарды эвакуациялағаны үшін алғыс айтты.

Тараптар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жедел орталығы арқылы тұрақты байланыс орнатуға және ақпарат алмасуға келісті.

Атап айтқанда, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Өзбекстанның Ташкент қаласындағы (бес қазақстандық) Уханьнан эвакуацияланған азаматтарымыздың жағдайына бірлесіп мониторинг жүргізеді. Жерлестеріміз екі апталық карантинде отыр.

Айта кету керек, бұл жағдай Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында.