24 мам, 2017 сағат 07:57

Қазақстан мен Өзбекстан арасында қатынау арзандайды

«Жолаушылар тасымалы» АҚ халықтың сұранысын қанағаттандыру мақсатында билетті сатып алу мерзіміне қарай Қазақстан мен Өзбекстан арасында тікелей қатынайтын және Өзбекстаннан Ресейге Қазақстан арқылы жүретін пойыздарға жеңілдіктер енгізілетінін хабарлайды.

Аталған жеңілідктер 2017 жылдың 27 мамыры мен 28 желтоқсанына дейін төмендегідей көлемде қарастырылған;

Купе және СВ вагондар үшін:
• Пойыздың жүруінен 45 тәуліктен 31 тәулік бұрын сатып алса 45 пайыз жеңілдік.
• Пойыздың жүруінен 30 тәуліктен 6 тәулікке дейін сатып алса 35 пайыз жеңілдік.

Плацкарт вагондар үшін:
• Пойыздың жүруінен 45 тәуліктен 31 тәулік бұрын сатып алса 35 пайыз жеңілдік.
• Пойыздың жүруінен 30 тәуліктен 6 тәулікке дейін сатып алса 25 пайыз жеңілдік.

«Бұл жеңілдіктер бір мемлекет ішіндегі бағыттарда және бір топ жолаушылар бірге билет алған жағдайда қолданылмайды»,-делінген хабарламада.