07 мау, 2017 сағат 16:49

Қазақстан мен Қытай жер қойнауын пайдалану келісімшартын ұзартты

2017 жылдың 7 маусымында Астана қаласында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы (ҚҰМК, CNPC) директорлар кеңесінің төрағасы Ван И Линмен кездесті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар мұнай-газ саласындағы жемісті ынтымақтастықтағы мол тәжірибе жөнінде атап өтті. 20 жыл бойына Қытай мен Қазақстан тарапы минералды ресурстарды барлау мен өндіруде, мұнай құбырлары мен газ құбырларын салуда, сондай-ақ мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту, реконструкциялау мен басқаруда техникалық мүмкіндіктер мен мол тәжірибе жинақтады.

Тараптар үлестері бар кен орындарында өзара тиімді қатынастарды одан әрі дамыту үшін өндіріс тиімділігін арттыру мақсатында көрсетілген келісімшарттар шеңберіндегі ынтымақтастықты жалғастыруға ниет білдірді. Бозымбаев және Илинь жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың мерзімін ұзарту туралы 3 жыл қолданыста болатын меморандумға қол қойды.

Меморандумға сәйкес тараптар Жаңажол газ өңдеу зауытындағы газ өңдеу тарифтерін келісу «Ақтөбемұнайгаз-СНПС» АҚ мен «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ арасындағы жекелеген келіссөздер шеңберінде шешілетіндігі жөнінде келісті.

Тараптар Қазақстан тарапына газ-химия жобасын іске асыру перспективті болып табылатындығын растады және ҚҰМК осындай жобаны іске асыру жөнінде ұсыныс беретіндігі жөнінде келісті.

Меморандумға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің талаптарын және жер қойнауын пайдаланушылар мен мердігер және қосалқы мердігер компаниялар жұмыскерлері сияқты қазақстандық персонал үшін жұмылдырылған шетелдік персоналға қатысты тең еңбекақы шарттары сақталады.

Меморандумда өңірлерді дамытуға әлеуметтік және өзге аударымдар деңгейі, сондай-ақ жергілікті тұрғындар үшін қосымша жұмыс орындарын жасау бойынша міндеттемелерді көбейту қарастырылған.