11 мау, 2018 сағат 12:19

Қазақстан мен Қытай арасында визалық режімде ешқандай өзгеріс болған жоқ – ҚР Елшілігі

Қазақстан мен Қытай арасында визалық режімде ешқандай өзгеріс болмаған. ҚХР-дағы ҚР консулдық мекемелері штаттық режімде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Қытайдағы ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан мен Қытай арасында визалық режімде ешқандай өзгеріс болған жоқ. Бұл видео 7 маусымда түсірілген. Сол күні Елшіліктің ғимаратының алдында 200-ге жуық адам болды. Олардың басым бөлігі - Астанадағы конкурсқа баратын ҚХР Қорғаныс министрлігі әскери оркестрінің музыканттары мен LRT құрылысының уақытша жұмысшылары», - деп  мәлімдеді ҚазАқпарат тілшісіне ҚХР-дағы ҚР Елшілігі Интернетте тараған Қазақстан визасына кезек туралы видеоға пікір білдіре отырып.


Видеода бейнеленген ҚХР-дағы ҚР Елішілігі Консулдық бөлімінің кіреберісінде тақтадағы жазу «ҚХР-дағы ҚР Елішілігі Консул бөлімі 11 маусымнан бастап түстен кейін 16.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейді» (哈萨克斯坦驻华大使馆签证处从2018年6月11月签证处的下午办公时间为16.00-19.00) деп аударылады.


«Қазіргі таңда ешқандай қарбалас жоқ. Елішіліктің Консулдық бөлімі бұрынғы режіммен жұмыс істеп жатыр. Жазғы уақытқа ауысқанға дейін сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істедік», - деп атап өтті дипломатиялық өкілдіктен.


Еске салайық, желіні шулатқан видеодағы кадр сыртындағы дауыс кезектің Үрімжідегі Қазақстан визалық қызметінің алдында тұрғанын, сондай-ақ 6 маусымнан бастап ҚР мен ҚХР арасында визасыз режім енгізілгенін хабарлаған.