13 мау, 2019 сағат 16:24

Қазақстан мен Қырғызстан басшылары ШЫҰ саммитінің күн тәртібі бойынша пікір алмасты

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне ресми кіріскеннен кейінгі алғашқы сапарын Қырғыз Республикасынан бастағанының символдық мәні барын айтып, жылы қабылдағанына ризашылығын білдірді.

- Ұлықтау рәсімінен кейін Бішкек қаласында кездесуіміз - жақсылықтың нышаны. Біз жақында Нұр-Сұлтан қаласында кездесіп, екі жақты ынтымақтастықтың бірқатар мәселелерін талқыладық. Біздің қазіргі міндетіміз - сол келісімдерді жүзеге асыру, - деді Қазақстан Президенті.

Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтап, бұдан әрі де екі елдің қарым-қатынастарының нығая түсетініне сенім білдірді.

Тараптар алдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің күн тәртібі бойынша пікір алмасты.