30 қаң, 2017 сағат 11:04

Қазақстан меморгандары сайттарына хакерлік шабуылдың себептері аталды

- Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі өткен демалыста жергілікті атқарушы және жергілікті өкілдік органдарының, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының интернет-ресурстарын бұзып кіру оқиғаларын тіркеді, деп хабарлайды аталған ведомоствонің баспасөз қызметі.

Барлығы, ҚР АКМ-нің «МТҚ» РМК-ның Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі 21 интернет-ресурсқа бұзып кіруді тіркеген.  

Өткен барлық инцидент бойынша ресурстардың иелеріне басып кіру салдарын жою мақсатында хабарлама жолданды. Қолда бар деректер бойынша интернет-ресурстардың басым бөлігі бір серверде орналасқан және бір осалдығы бар.

Бұл жағдай мазмұнды басқару жүйесін уақтылы жаңартуға (CMS), тиісті қорғаумен қамтамасыз етуге, инцидентті уақтылы анықтауға, жосықсыз өнім берушілермен интернет-ресурстарды сүйемелдеуге шарттар жасасуға интернет-ресурстардың иелері тарапынан бақылаудың жоқтығынан болуы мүмкін. 

Қазіргі уақытта осыған ұқсас инцидентерді алдағы уақытта болдырмау бойынша жауапты адамдармен барлық қажетті шаралар қабылдануда.