#
#
Cәрсенбі 23/10/2019

Қазақстан құрамасының бір боксшысы 2019 жылғы әлем чемпионатынан шығып қалды

  • 17.09.2019
  • 0
  • 295

Бүгін Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатында қазақстандық бір боксшы жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін бокстан әлем чемпионатының күндізгі сессиясында үш боксшымыз жұдырықтасты. Солардың арасынан 63 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан Зәкір Сафиуллин 1/8 айналымда 2017 жылғы әлем чемпионы және Панамерика ойындарының екі дүркін жеңімпазы, кубалық Энди Круз Гоместен ұтылып қалды. Төрешілер 5:0 есебімен жеңісті кубалық боксшыға берді.

Есесіне, 52 келіге дейінгі салмақта Сәкен Бибосынов 1/8 финалда 2016 жылғы Олимпиаданың күміс және 2017 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері колумбиялық Юберхен Мартинестен айласын асырды. 91 келі салмақта сынға түсіп жатқан тағы бір боксшымыз Василий Левитте ширек финалға сүрінбей өтті. Ол украиналық қарсыласы Марат Григорянды айқын басымдықпен ұтты.

Енді, кешкі сессияда, Астана уақытымен 20:00-де тағы төрт боксшымыз шаршы алаңға шығады.

Олар:

69 келі - Абылайхан Жүсіпов - Ник Сыра (Германия)

81 келі - Бекзат Нұрдәулетов - Keno Machado (Бразилия)

+91 келі - Қамшыбек Қоңқабаев - Аюб Кадфа (Испания)

57 келі - Қайрат Ералиев - Чатчай Бутди (Таиланд).

Айта кетейік, бокстан әлем чемпионатында әзірге Зәкір Сафиуллиннан басқасы жеңіліссіз келе жатыр.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар