24 ақп, 2017 сағат 07:56

Қазақстан қоржынына Азиаданың бесінші алтын медалі түсті

Қазақстандық фристайлшы Дмитрий Рейхард Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz.

Рейхерд бүгін, 24 ақпанда өткен жұп могул жарысында үздік болды.

Еске салайық, осы жарыс түрінде әйелдер арасында Юлия Галышева үшінші орын алды. Сондай-ақ, бүгін ерлер арасында із қуу жарысында қазақстандық Ян Савицкий күміс жүлде алған болатын. Ал із қуу жарысында Галина Вишневская алтын медальға ие болған.