18 нау, 2019 сағат 08:05

Қазақстан ипотекалық компаниясының тәуелсіз директоры тағайындалды

«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ-ның Директорлар кеңесі құрамындағы өзгерістер болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«13 наурызда «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ жалғыз акционерінің («Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы) шешімі бойынша Директорлар кеңесінің мүшесі Яцека Бжезинскидің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Жаңа тәуелсіз директор мен Директорлар кеңесінің мүшесі болып Асқар Елемесов тағайындалды», делінген хабарламада.

Асқар Раушанұлы М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің экономикалық факультетін және Сент-Луис қаласындағы Вашингтон университетін «Іскери әкімшілендіру» бағыты бойынша тәмамдаған.

Әртүрлі жылдары басшы және жетекші қызметтерін атқарған, қаржылық қызметтер көрсету саласында 25 жыл табысты жұмыс істеген.  

2004-2006 жылдары арасында ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

2006 жылы ақпаннан қараша айына дейін ҚР Қаржы министрлігінде ведомствоның стратегиялық даму мәселелеріне жетекшілік ететін вице-министрі қызметін атқарды.