#
#
Сейсенбі 22/08/2017

Қазақстан дамуының зайырлы қағидаты

  • 20.07.2017
  • 5
  • 834

Қазақстан Республикасы Ата заңының абсолютті нормаларының бірі  – зайырлылық. Тәуелсіздікке қол жеткізген кезден діни еркіндікті паш етіп, тәу етіп, қабылдаған алғашқы заңдарымыздың бірі – ҚР «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңы болатын. Аталмыш заңнамаға замана ағысына қарай бірнеше рет толықтырулар жасалған-ды, ал 2011 жылы ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» жаңа заңы қабылданды. Яғни, қазақ елі – зайырлы мемлекетті орнықтыру үстінде. Оның ішінде зайырлылықтың қазақстандық үлгісінің негізін қалауға талпынуда.

«Зайырлылық» ұғымы

«Зайырлы» сөзінің түбірі араб тіліндегі «сыртқы» деген мәндегі «захир» сөзінен келіп шығады. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне үңілсек, «зайыр» сөзі «анық», «айқын», «ашық» деген сын есімдердің мағыналарын береді. Осы «зайыр» деген сын есімнен түрленген «зайырлы» сөзі «білгір», «білімдар» деген мағыналарға саяды (Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі/ Жалпы редакциясын басқарған Т. Жанұзақов. – Алматы: Дайк-Пресс, 2008. – 968 б.). Демек, «зайырлылық» деп «білгірлікті», «білімдарлықты» атасақ болады. Өкінішке орай, бүгінгі таңда «зайырлылық» сөзін батыстан ауып келген  «лаицизм», «секуляризм», «светскость» терминдерінің баламасы ретінде түсінеміз. Қазақстан Республикасындағы зайырлылық жаңағы «білімдарлық» ұғымына жақын деп білсек жөн сияқты.

«Лаицизм» (француз тілінде «Laïcisme») дегеніміз – мемлекетті басқаруда қандай да бір дінге сілтеме жасамастан, мемлекеттің діндерге деген бейтараптылығын ұстанатын қағидат. Француз тіліндегі «лаицизм» сөзі «діни емес адам», «діни адамнан өзге халық» деген мағынаға сай келетін  латын тіліндегі «laicus» сөзінен шыққан. Рим империясы дәуірінде діни адамды «clerici», діни емес адамды «laici» деп атаған ғой. Францияда «Laïcité», «Laicisme» терминдері «материялық (ғылыми) және идеялық (діни) болмыстарды бір-бірімен араластырмау» деген мағынаны білдіреді. «Лаицизм» терминінің ағылшын тіліндегі аудармасы «Secularity» сөзі болып табылады.

«Секуляризм» сөзі «дін және мемлекет істерін бір-бірінен бөлек ұстау» деген мағына береді. Бұл сөз латын тіліндегі «заман» мағынасындағы «saeculum» сөзінен шыққан. «Лаицизм» мен «секуляризм» сөздері орыс тіліне «заманға сап түзеу» немесе «дүниеге бой түзеу» деген мағынадағы «светскость» сөзі түрінде енді.

Терминнің тарихи дамуының нәтижесінде католиктік Еуропа мен англосаксондық Еуропа арасында бір нюанс пайда болды. Католик елдерде лаицизм, ал басқаларында секуляризм орын алды. Лаицизмде дін мемлекеттің бақылауында болса, секуляризмде дін мен мемлекет бір-бірінен тәуелсіз сала болып табылады. Протестанттық және англикандық елдерде секуляризм күнделікті өмірді белгілеп отыратын өмір сүру салты және дүнияуи істерге дінді араластырмау деген мағына береді.

Зайырлылық тарихы

Батыс елдеріндегі зайырлылық әлеуметтік қажеттіліктен туындаған құбылыс болса, Қазақстандағы зайырлылық тарихи үдерістің нәтижесі болып табылады. Сол себептен, Қазақстан әлеуметіндегі зайырлылық діндарлық пен сенушіліктен оқшауланбайды.

Батыстағы зайырлылық дін мен деноминациялар, діндарлар мен дінсіздер арасындағы күрес-қақтығыстарды тоқтату үшін пайда болды. Агрессияшыл экстремизмнен арылған пікір мен ар-ождан бостандығын құрметтейтін сана-сезімге қол жеткізу үшін ғылыми және демократиялық құрал ретінде қалыптасты. Қазақстан Республикасындағы зайырлылық болса, дінсіздік алқабындағы дінсіздер үстемдігінің қирауы жағдайында қалыптасқан құндылық болып табылады.

Бастапқыда Батыста христиандық «патшанікі – патшаға, құдайдікі – құдайға» деп аталатын дін мен мемлекет істерін бір-бірінен бөлу қағидатын ұстанған болатын. Шіркеу және дін қызметшілері, әсіресе мемлекеттің әлсіздігін, тіпті «жоқтығын» деп те айтсақ дұрыс болар, пайдаланып, кез келген нәрседе, оның ішінде мемлекетте де өз үстемдігін орнатқан еді. Бұнысына да қанағаттанбастан түрлі сылтаумен дінге қызмет етпейтін, грекше «laikos», латынша «laicus» («халықтық», «халықшыл») деп аталатын адамдарды, топтарды, қауымдар мен таптарды азаптай бастады. Инквизиция жиі қолданылды.

Еуропаның билеушілеріне айналған папалар крест жорықтарын ұйымдастырды, патшаларды тақтан алып, таққа отырғызды, қалаған елді құрып, қаламағанын қырды. Ортағасырлық Еуропада мал-мүліктің үштен екісі (2/3), жердің үштен бірі (1/3)және кірістің жартысы (1/2) папалардың қолында болды.

Христиандық тарихының ұзақ бір кезеңінде адамдардың діни әрі дінсіз өмірін билеп-төстеді. Сондықтан, ортағасырлық экономикалық өмірді шіркеуден бөліп елестету мүмкін емес. Өзін Құдайға тапсырып, монастырьде оңашаланған адамдар ғибадатпен қатар ауыл шаруашылығы, сауда-саттық және банкирлікпен айналысты. Орта ғасырларда бүкіл егіндік жерлердің үштен екісі (2/3), одан түскен кірістің үштен бірі (1/3) шіркеуге тиесілі еді. Шіркеу – қазіргі уақытта да Еуропаның ең ірі капиталистерінің бірі.

Қалай болғанда да, мұншама саяси, әлеуметтік және экономикалық күш пен мүмкіндікке ие шіркеуге қарсы бағытталған дұшпандық әуелі оны секталар мен шіркеулерге бөлді. Ең соңында шіркеу барлық нәрсесін, саяси, әлеуметтік және экономикалық күш-қуаты мен мүмкіндіктерін халықшылдармен бөлісуге мәжбүр болды. Дін мен мемлекет немесе шіркеу мен мемлекет арасындағы бұл бөлініске, яғни жаңаша қарым-қатынасқа, биліктің мұндай жаңа сипатына «зайырлылық» деген атау берілді.

Еуропа халықтарының басынан өткерген бұл тарихи үдерісті жақсы түсіну үшін мынадай екі фактордың орын алғандығын еске алу керек. Біріншісі, Еуропа халықтарында әлеуметтік таптардың қалыптасып, өзара қайшылықтарға баруы болса, екіншісі, христиандықтың болмысты бір-бірінен тәуелсіз рухани және дүнияуи категориялар тұрғысынан қарастыратын дуалистік дүниетанымға ие болуы еді. Бұл екі фактор өте маңызды. Себебі, зайырлылық христиандықтың дәстүрлі дүниетанымында дүнияуи мен рухани әлемді бір-бірінен бөліп қарастыруынан туындаған. Нәтижесінде, Батыстың христиандық қоғамы «діндар» және «зайырлы» деген екі әлеуметтік топқа бөлінді. Діндардың қарауына рухани істер кірсе, зайырлының қарауына дүнияуи істер кірді.

Қоғамдық құрылым жағынан бұл екі әлеуметтік топ «шіркеу» мен «мемлекет» аясында шоғырланды. Христиандық философияның ірі өкілі саналатын Әулие Августиннің пікірінше «civitas dei» деп аталатын «құдайдың мемлекетінің» қасында «civitas terrena» деп аталатын «жердегі мемлекет» бар. «Civitas dei – шіркеу», ал «civitas terrena – мемлекет» деп қабылдаған шіркеу Рим империясында заңды тұлғаға айналып, империя құлағаннан кейін оның саяси, әкімшілік, құқықтық жүйелерін өзіне ыңғайластырып алды. Сөйтіп, мемлекет болудың барлық элементтеріне қол жеткізді. «Канондық құқық» деп аталатын католиктік құқық арқылы «заңшығарушы билікті», монополист ретінде білім беру, мәдениет, халық санын тіркеу сияқты халыққа қызмет көрсету істері арқылы «атқарушы билікті», тек діндарды ғана емес, зайырлыны да жазаға тарту арқылы «сот билігін» қолына шоғырландырды. Осылайша, шіркеу VІІІ ғасырда Рим қаласы мен оның төңірегіндегі сыйға тартылған жерлерде өз мемлекетін құрған болатын (Бүгінгі Ватикан мемлекетімен шатастырмаған жөн. Ватиканды Папаға Б.Муссолини сыйға тартқан).

Дүнияуи-рухани бөліністің басқа бір көрінісін саяси биліктің мемлекет пен шіркеу арасында бөлініске салынуынан байқай аламыз. Мемлекеттік билік «regnum» («патшалық») деп аталса, шіркеу билігі «sacerdotium» («поптық») деп аталды. Христиандықтың тарихында бұл екі билік көзі өзара үстемдік үшін күресіп келді. Бұл күресте кейде шіркеу мемлекеттердің үстінен қарайтын құрылым сипатына ие болып, императорлар мен корольдерді билеген болса, кейде мемлекеттер шіркеуді басқарды. Екі билік көзінің арасындағы бұл күрес Францияда 1905 жылы теориялық тұрғыдан екеуінің де өз саласындағы еркіндігін есепке алатын «лаицизм» («зайырлылық») атты дін саясатымен аяқталды.

Бастапқыда мұсылмандардың Жерорта теңізін жаулап алуы әуелден сауда-саттықпен айналысатын Батыс Еуропаны Жерорта теңізінен алшақтатқан болатын. Бұл фактор екі маңызды нәтиже туындатты. Біріншісі, өздерін Рим империясының жалғасы санаған каролингтер христиандық идеологиясын исламға қарсы қойып, мемлекет ішінде шіркеудің үстемдігін мойындады. Діндарларды жоғары лауазымды қызметтерге тағайындап, жергілікті шіркеулерге мемлекеттік жердің кең алқаптарын сыйға тартып, салықтың оннан бір бөлігін (1/10) иеленуге рұқсат берді. Екіншісі, Еуропаның «феодализмге», жер иеленушілікке негізделген аристократиялық (ақсүйектер) жүйеге өтуі болды. Сауда жолдарынан қол үзген Еуропа егін шаруашылығына негізделген қоғамға айналды. Каролингтер дәуірінде «мемлекеттік қызметкер» деп аталатын жауаптылар орталық билік әлсірегеннен кейін жергілікті мал-мүлікті иемдену арқылы аристократтарға айналды. Бұл ақсүйектердің жерсіз жатақтарды ант ішкізу арқылы өздеріне басыбайлы етуінің нәтижесінде феодализм пайда болды. Феодализм жүйесінде экономикалық және рухани үстемдік пен оқу-жазу монополиясын қолында ұстаған шіркеу ең маңызды орынға ие болды. Католицизм феодализмнің идеологиялық қаруына айналды.

Мұсылмандардың жаулап алу әрекетінің тоқтауы мен крест жорықтары Батыс Еуропаның Жерорта теңізіндегі саудасын жандандырды. Жаңа кәсіп орындарының пайда болуы нәтижесіндегі жерге басыбайлы жас жатақтардың ауылдан қалаға ағылуы буржуазия табының қалыптасуына жол ашты. Бұл жаңа тапты құраған босқындар өз мырзаларының оларды тауып алып, жеріне қайтаруынан қорықты. Сол себептен феодализмге және оның идеологиясы болып табылатын католицизмге қарсы жаңа бір қала құқығын қалыптастырды. Буржуазияның екінші қанаты зиялылар баспаханалардың пайда болуы мен кітап басылымдарының артуының арқасында экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізіп, ойларын еркін жазып, буржуазиялық көзқарастарды халыққа жайды. Шіркеу мен ақсүйектерге қарсылығын жазу арқылы білдірді.

Корольдер болса, табыс көзінен айырылған ақсүйектерден бет бұрып, қаржы көзіне айналған буржуазияға қолдау көрсете бастады. Папалардың үстемдігіне қарсы болған корольдер ендігі жерде «патшанікін – патшаға, құдайдікін – құдайға өтеңдер» деген саясатты ұстануға кірісті.

Қазақстан Республикасы конституциясының Франция конституциясы негізінде әзірленгендігін есепке ала отырып, христиандықтың тарихында француздардың дінге қатысты ұстанған саясатын төртке бөліп жіктесек болады. Олар:

1) бір дінді қолдап, басқа діндерге тыйым салған саясаты (ортағасырлық Франция);

2) бір дінді қолдай отырып, екінші дәрежелі деп таныған діндердің қызметіне рұқсат беріп, оларды да белгілі бір дәрежеде қолдаған саясаты (Ұлы Француз төңкерісі жылдарының қарсаңынадғы Франция);

3) ешбір дінге қолдау көрсетпестен, кейбір діндердің қызметіне рұқсат беріп, оларды белгілі бір дәрежеде қолдаған саясаты (1801-1905 жж. аралығындағы Франция).Эльзас-Лотарингия аумағында әлі күнге дейін осы саясат қолданылуда;

4) теория тұрғысынан шіркеу мен мемлекеттің өз араларында тәуелсіз қызмет жасауына жағдай жасайтын және мемлекеттің ешбір дінді мойындамайтын, ешбіріне қолдау көрсетпейтін, «зайырлылық» деп аталатын саясаты (1905 жылдан бергі қазіргі Франция).

Қысқасы, зайырлылық Францияда христиандықтың дәстүрлі дүнияуи-рухани айырмашылығынан және Францияның ұлттық мемлекет түсінігі мен католик шіркеуінің ғаламдық идеологиясы арасындағы қақтығыстан туындаған мемлекеттік сипат болып табылады. Батыс қоғамында діндар емес халыққа және мемлекетке шіркеу мен діндарлар қысым танытқан болатын. Бұл қысым шегінен шыққанда көпшілік бірігіп, шіркеу мен діндарлардың астамшылығынан құтылу үшін оларға қарсы ұзаққа созылған күрес нәтижесінде жеңіске жеткен еді. Осылайша, Батыс қоғамында шіркеу мен мемлекет, діндар мен діндар емес әлеуметтік топтар арасында ықпал мен күш тепе-теңдігін қамтамасыз еткен зайырлылық орнады. Батыс әлеміндегі зайырлылық қоғамның әлеуметтік бейбіт өмірді, діндар емес адамдар мен әлеуметтік топтардың көбірек еркіндікті, мемлекеттің көбірек тәуелсіздікті қажетсінуінен туындағандығын ұмытпаған жөн.

Нәтижесінде Батыстың кейбір жерлерінде зайырлы, кейбір жерлерінде жартылай зайырлы, кейбір жерлерінде сөз жүзінде зайырлы, кей жерінде толыққанды діни немесе керісінше дінсіз елдерден құралған жайы бар.

Қазақстанда болса, зайырлылық қағидаты ел дамуының, қоғам санасының жаңғыруының шарты болып табылады. Зайырлылықтың арқасында «азаматтық теңдік», «еңбексүйгіштік», «адалдық», «ғылым мен білімге деген құрмет», «зайырлы ел» құндылықтарынан құралған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы жүзеге асырылмақ. Аталмыш бағытта Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №147 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасы» іске қосылды.

Қоғамдық сана жаңғыруы

Үстімздегі жылы Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында Қазақстанның мақсаты – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу болып табылатындығын тағы бір рет атап көрсетті. Елбасының пікірінше мақсатқа жету үшін қазақстандықтардың санасы ісінен озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. ХХ ғасырдағы батыстық жаңғыру үлгісі бүгінгі заманның болмысына сай келмейді. Өзгеру үшін заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіру керек. Замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет.

Жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды. Халық тарихы мен ұлттық салт-дәстүрі алдағы өркендеудің берік діңі болуы тиіс. Бұл ретте, тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын Елбасы атап өтті:

1. Бәсекелік қабілет;

2. Прагматизм;

3. Ұлттық бірегейлікті сақтау;

4. Білімнің салтанат құруы;

5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы.

Елбасы қоғамдық сана жаңғырудың негізгі қағидаларын қалыптастыру және заман сынағына лайықты төтеп беру үшін алдағы жылдарда мықтап қолға алу қажет болатын бірнеше жоба ұсынды:

1. Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру;

2. Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын қолға алу

3. «Туған жер» бағдарламасын қолға алу;

4. Халық санасына жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіру;

5. «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыру;

6. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасын іске асыру.

Қоғамдық сананың жаңғыруы үшін азаматтардың заман ағымына саналы түрде бейімделуге қабілетті болуы керек. Заманға сәйкес жаңғыру міндеті барлық қоғамдардың алдында тұр. Барша қазақстандық жаңғыру идеясының маңызын терең түсіне білуі тиіс. Жаңа жағдайда жаңғыру дегеніміз Қазақстан дамуының ең басты қағидаты ‒ зайырлылық негізінде ғана жүзеге асатындығын ұмытпағанымыз абзал.

Баймаханов Б.К.

ҚР ДІАҚМ ДІК Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы Талдау бөлімінің жетекшісі, т.ғ.к.

Ұлт порталы

5 пікір

  • Dol99laroiFNЖұма, 18.08.2017

    В настоящее время лишь ленивый не зашибает в webе! ©
    Каким способом бросить быть тем «ленивцем», что еще не имеет доход от всемирной сети интернет? Ответ на данный вопрос можно раздобыть на все тех же необъятных просторах сети интернет. Тем не менее, основополагающей проблемой является вопрос не «Как срубить бабок?», а вопрос «Какой конкретно тип зарабатывания нам всем больше всего подойдет?». Среди многих способов заработка в глобальной сети особенно интересными для нас будут те, что не требуют капиталовложений монет и титанических усилий для организации бизнес процесса. Таким видом заработка является использование партнерских и реферальных программ инвестиционных и брокерских контор. Доходность от торговли на экономических рынках может оказаться безумно высокой, что заставляет людей массами бежать к брокерам и заводить к ним финансы. А с этих денег партнер имеет возможность получить существенную сумму в виде партнерских процентов. Став партером и поместив гипертекстовую ссылку на своем ресурсе либо на каких-либо интернет-форумах (для обыкновенного пользователя веба) сегодня можно иметь постоянный доход без вложения денежных средств и усилий. Как это все работает?

    Возьмём для примера команду ExpertOption – брокера бинарных опционов.

    [url=http://bit.ly/2tRqLgJ#g515qtdMXb]Ссылка на брокера[/url]

    [url=http://bit.ly/2uPwBMI#EErbU6381H]Ссылка на партнёрку[/url]

    (кроме этого имеется в наличии много лендингов, большая конверсия и минимум полей для заполнения при процедуре регистрации)

    Компания предоставляет первоклассный сервис для клиентов среди себе подобных, чем и отличается. Более того, у них есть немало других фишек и эффективных инструментов для клиента, которые помогают ему иметь заработок. Компании есть чем привлечь клиента. Но на этом ваше внимание заострять не станем, потому как компания нам с вами интересна в первую очередь благодаря их партнерской программе. Их партнерская программа позволяет зарабатывать до 60% от прибыльности брокера регулярно с каждого клиента до тех пор, пока он ведет торговлю через компанию. Организовав приток новых клиентов можно без усилий пожинать плоды.

    Как отыскивать клиентов? Этот вопрос больше актуален для обычных людей, не имеющих своих online-сайтов или раскрученных блогов. Надо начать с простого:
    1. Забить в поисковой строке запрос «форекс форум»;
    2. Зарегистрироваться на 5-10 интернет-форумах (для начала);
    3. Выбрать любой холивар про финансовый рынок Форекс и сделать пост для привлечения заинтересованности, как к примеру, «Я получил бесплатно $400 для обучения торговле в организации ExpertOtpion!», и вставить собственную партнерскую ссылку.
    И всё. Людям станет любопытно, пройдут по ссылке, и некоторые станут клиентами. Очевидно, просто разместить один пост мало, нужно еще и создавать активность, участвуя в обсуждении и возбуждая внимание к компании. В любом из обсуждения следует в процессе аргументирования собственного мнения вставлять ссылки. Потратив немного усилий, тема заживет своей жизнью и уже другие люди будут цитировать партнерскую ссылку, распространяя ее за вас. Доходность от такой деятельности говорит сама за себя:
    [url=http://bit.ly/2uPwBMI#PGmmfgdsgh]
    [img]http://bit.ly/2uPrbkT#VsNrV4fzF9[/img]
    [/url]
    Партнёрская программа имеет разнообразный набор инструментов для размещения ссылок:
    • Промо линки;
    • Баннеры для вебмастеров;
    • Попапы;
    • Постбэк
    Кроме того для вебмастеров безвозмездно предоставляются уникальный контент для расположения на личных интернет-порталах: релизы, публикации, тактики и стратегии, рекомендации и прочпрочееее. Все это серьёзно оптимизирует работу и уменьшает прилагаемые усилия для извлечения доходов. А извлеченный доход можно вывести любым способом на выбор:
    • Webmoney (USD ONLY) ;
    • ecoin.cc;
    • QIWI;
    • Neteller;
    • UnionPay;
    • PerfectMoney;
    • ePayments.

    Довольно бесхитростный способ делать деньги, не так ли? Партнерство с ExpertOption позволяет несколько раз в месяц получать «небольшой» доход в худо-бедно несколько сотен долларов.

    Если же потратить больше усилий или же если вы веб-мастер, то размеры заработка уже будут иметь более высокий порядок.

    Широкий набор инструментов статистической отчетности даст возможность вам отслеживать источники получения прибыли и с полной отдачей управлять размещением ссылок.
    Международная компания ExpertOption имеет большую известность по всему миру, большинство клиентов после ведения торговли на демо открывают настоящий счет и, как минимум, половина из них делает повторный депозит. Благодаря этому, партнерские 50-60% от дохода компании представляют собой большую сумму денег даже для вебмастеров. Все что нужно сделать, чтобы стать партнером, это пройти регистрацию в программе в один клик, разместить гиперссылку и получать доход. Все вопросы и трудности помогут решить компетентные сотрудники службы поддержки.

Пікір қалдыру

БАННЕР