#
#
Жұма 24/05/2019

Қазақстан Boeing 737 MAX ұшағын пайдалануға шектеу қойды

  • 13.03.2019
  • 0
  • 224

Азаматтық авиация комитеті Boeing 737 MAX ұшағының ұшуына шектеу енгізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті 2019 жылдың 13 наурызынан «СКАТ» әуе компаниясының Boeing 737 MAX ұшағын пайдалуды уақытша тоқтатты. Қазақстандық тізілімде бұл үлгідегі бір ғана әуе кемесі тіркелген», - деп хабарлады комитет Фейсбуктегі парақшасында.

Еске сала кетейік, Эфиопияда Ethiopian Airlines әуе компаниясының Найробиге бара жатқан ұшағы апатқа ұшырағандығы туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Еуропалық Одақ та сол оқиғадан соң өз аумағында Boeing 737 MАХ ұшағын пайдалануға тыйым салды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар