#
#
Бейсенбі 21/11/2019

Қазақстан азаматы Путинмен сөйлестіруді талап етті

  • 21.10.2019
  • 0
  • 176

29 жастағы Қазақстан азаматы Ресейге мұнай компаниясына жұмысқа орналасуға барған, бірақ ол жұмысқа қабылданбаған. Жас жігіт Ресейдің Иркутск облысы Усть-Кут қаласының теміржол стансасында шу шығарған, – деп хабарлайды жергілікті ust-kut24.ru порталы. 

Анықталғандай, 29 жастағы Қазақстан азаматы жұмысқа орналаса алмаған соң, үйге қайтуға мәжбүр болып, жол жүрер алдында ішімдік ішіп алған. Сол себептен пойыз басшысы мас жолаушыны мінгізуден бас тартқан. 

Бұны естіген азамат пойыз жүрер алдында 20 метрлік жарықтандыру мұнарасына шығып алып, «өз-өзіме қол жұмсаймын» деп қорқытқан. Бұған қоса, ол Ресей президенті Владимир Путинмен немесе ЛДПР партиясының лидері Владимир Жириновскиймен тікелей сөйлестіруді талап еткен.

Ер адам құтқарушылар, полицейлер мен теміржол стансасының жұмысшыларына электр сымдарының изоляторларын лақтырған. Шамамен тоғыз сағат өткеннен кейін станса басшылығы бұзақының анасымен байланысқа шыққан.

Бұдан кейін Қазақстан азаматы төменге түсіп, полицияға берілген. Ол ірі көлемде айыппұл салынғаннан кейін үйіне жіберілді. Енді бұзақының Ресейге кіруіне тыйым салынуы мүмкін.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар