20 қыр, 2019 сағат 16:14

Қазақстандық жігіт Кореяда қылмыс жасап, елден қашып кетті - СІМ

ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, Қазақстан азаматы қазіргі таңда үшінші мемлекеттің аумағында жасырынып жүр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«ҚР СІМ Корея Республикасында орын алған оқиғаны біледі. Қазіргі уақытта бізге белгілі мәліметтерге сенсек, Қазақстан азаматы расында кішкентай баланы қағып кетіп, зардап шеккен баланы жолда қалдырып, оқиға орнынан қашып кеткен», - деп хабарлайды ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Қолда бар деректер бойынша, ол адам қазір үшінші мемлекет аумағында жасырынып жүр.

«Оның нақты қайда екені белгісіз. Құқық қорғау органдары тарапынан оны іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Ұсталған жағдайда мәселе құқықтық кеңістік шеңберінде шешіледі. Бұл мәселе бойынша жаңа ақпараттар пайда болған жағдайда қосымша хабарлаймыз», - дейді Айбек Смадияров.