24 нау, 2017 сағат 11:39

"Қазақмыс" машинисі кеніште қаза тапты

"Жезқазғантүстімет" ӨБ Оңтүстік-Жезқазған кенішінде машинист қаза тапты, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz тілшісі "Қазақмыс" компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алдын ала болжамдарға қарағанда, жер асты техникасының өздігінен жүріп кетуінің салдарынан 1987 жылы дүниеге келген, өздігінен жүретін жабдықтың машинисі ауыр жарақаттан қаза болды", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Оқыс оқиғаны зерттеу үшін арнайы комиссия құрылды.

"Қазақмыс" компаниясы және еңбек ұжымы отбасына және туысқандарының қайғы-қасіреттеріне ортақ екенін білдіреді", - деді баспасөз өкілдері.