07 нау, 2017 сағат 12:33

«Қазақмыс корпорациясы» басқару кеңесінің бас директоры тағайындалды

Бүгін «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС мүшелерінің кезектен тыс жалпы жиналысында корпорацияның директорлар кеңесінің атқару комитетінің атын «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС кеңес басқарушысы деп өзгерту туралы шешім қабылданды.

Қырықпышев Бақтияр Әбірахманұлы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС бірінші басшысы,  басқару кеңесінің бас директоры болып тағайындалды.  Онымен бірге корпорацияның басқару кеңесіне бес топ-менеджер жатады. Атқару комитетінің өкілдігінің мерзімі үш жыл болады.

Огай Эдуард Викторұлы «Қазақмыс Холдинг» ЖШС директорлар  кеңесінің төрағасы, Қазақмыс компаниясы тобындағы компания басқарушысы болып қала береді, деп хабарлайды«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі.      

Қазақмыс корпорациясы - Қазақстандағы  пайдалы  қазбаларды өндіру және өңдеу  жұмыстарын  жүргізудегі  алдыңғы  қатардағы компания  болып есептеледі, сонымен  бірге еліміздегі мыс  өндіру  алыбы. Компания  құрамында   - он бір  кеніш, төрт  кен  байыту  фабрикасы бар алып кәсіпорын. Қазақмыс корпорациясы  кен  өндіру орындары  мен  оны  сату  деңгейіне  дейін  жеткізетін өндіріс  орындарын  басқарады. 2016  жылы катодтық  эквивалентте 225,657  мың  тонна мыс және 2325 кг  сом  алтын  өндірілді. Қазақмыс дүние  жүзінде  күміс өндіруден алдыңғы  қатардағы өндіріс ошағы. 2016 жылы 249,6 тонна аффинирленген  таза  күміс өндірілді.

Корпорация  құрамында  36 500-дей  адам  еңбек  етеді.