#
#
Жексенбі 18/08/2019

Kazakh Invest: Инвестициялық жобаларды аясында 6 мың тұрақты жұмыс орны құрылды

  • 21.06.2019
  • 0
  • 312

 

ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Р. Исатаев 2018 жылы шетелдік инвестицияларды тарту бойынша атқарылған жұмыс туралы айтып, компанияның жоспарларымен бөлісті.

Р. Исатаев «Kazakh Invest» ҰК» АҚ компаниясы алдында жыл сайын Қазақстан экономикасының басым секторына 8 трансұлттық компания мен 2 зәкірлік инвесторларды тарту, сондай-ақ, өңдеу секторына 5 жыл ішінде $25 млрд тарту мақсаты қойылғанын айтты. 2018 жылдың қорытындысы бойыша аталған міндет орындалды.

2018 жылы $930 млн сомасына 8 ТҰК тартылды. Жалпы, Kazakh Invest белсенді қолдауының арқасында $3,1 млрд сомасына 27 жоба пайдалануға берілді. Аталған жобаларды іске асыру аясында 6 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны құрылды. Осылайша, Жамбыл облысында өндірістік қуаттылығы 50 МВт болатын күн электр станциясы, Қызылорда облысында цемент зауыты (жылына 1 млн тонна цемент), Түркістан облысында Қазақстандағы құрғақ түйе сүтін өндіретін алғашқы зауыт (тәулігіне 100 тоннаға дейін сүт өңдеу) жұмысын бастады.

Сонымен қатар, 2018 жылы Павлодар облысында темір жол дөңгелектерін шығаратын өндіріс іске қосылды (жылына 200 мың дөңгелек), Нұр-Сұлтан қаласында трансформаторлар өндірісі пайдалануға берілді (жылына 100 трансформатор), Қарағанды облысында машина жасау зауытын жаңғырту жұмыстары аяқталды (жылына 8,5 мың тонна өнім) және т.б. Жобаларды іске асыру 6 мың тұрақты жұмыс орнын құруға ықпал етті.

Бұған қоса, Р. Исатаев invest.gov.kz қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде Бірыңғай ұлттық интерактивті интернет-ресурсын іске қосу туралы айтып берді. Сайтта Қазақстанға инвестиция салу, инвестицияларды талап ететін жобалар туралы қажетті ақпаратпен қатар, түрлі сұрақтар бойынша сұранымдардың бағыттары функциясы да ұсынылған.

«Инвесторлар тарапынан түскен кез келген сұратым, бастама немесе шағымды аздаған секунд ішінде аталған порталда рәсімдеуге болады. Ол біздің электронды базаға түседі және қысқа мерзім ішінде оларды біздің жобалық немесе елдік менеджерлер өңдейді» деді Kazakh Invest  басқарма төрағасының орынбасары.

Сонымен қатар, ол Kazakh Invest жыл сайын қазақстандық бизнес бастамашылық ететін 60-қа жуық тауашалық жобаны әзірлейді.

«Біз инвесторлармен өзара іс-қимыл қарқынын арттыруды жалғастырамыз, ел басшылығының әлеуетті әрі белсенді инвесторлармен барлық уағдаластықтарының іске асырылу мониторингін қамтамасыз етеміз» деді Р. Исатаев.

2019 жылы Kazakh Invest жоспарларында $2 млрд сомасына шетелдік инвесторлардың қатысуымен 30 жобаны пайдалануға беруді қамтамасыз ету көзделген. Пайдалануға берілетін жобалардың жалпы санының 40% жуығы экономиканың жаңа секторына тиесілі — жаңартылатын энергия көздері жәна ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Қуаттылығы жалпы 400МВт болатын күн электр станциясы, 90 МВТ – жел, 25 МВт – су электр станциясы пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Пайдалануға беру жоспарланған электр станцияларының жалпы құны $680 млн құрайды.

Теги: Kazakh Invest, Инвестициялық жобалар, аясында, 6 мың, тұрақты, жұмыс орны, құрылды

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар