11 қар, 2017 сағат 00:31

"Қазақ жеріне әскер кіргізу керек" деген блогер қылмыстық жауапкершілікке тартылады

Пермь қаласында тұратын видеоблогер Алексей Бессоновтың Қазақстанға Ресей әскерін кіргізу керек деген әлеуметтік желіде жарияланған видеосында ҚР Қылмыстық кодексінің заңнамасын бұзғаны анықталды. Бұл туралы ҚР ІІМ Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына жауап берді.

"Қазіргі уақытта Алексей Бессоновқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 179-бабы ("Билікті басып алуды немесе ұстап тұруды насиxаттау немесе оған жария түрде шақыру, сол сияқты билікті басып алу немесе ұстап тұру не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгерту") бойынша айып тағылады, сонымен қатар Қылмыстық процессуалдық кодексінің қылмыстық қудалау шараларын Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүзеге асырады", - деді ІІМ өкілдері.

Таяуда ҰҚК осы іске қатысты тексеріс жүріп жатқанын xабарлаған еді.

"ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ресей федерациясының азаматы Алексей Бессоновтың видеосы тіркеуге алынды. Тексеру шаралары ұйымдастырылып жатыр", - деді ведомстводағылар.

Айта кетейік, Алексей Бессоновтың видеосы қазақстандықтардың наразылығын тудырған болатын. Көпшілік блогерді қылмыстық жауапкершілікке тартуды шақырған.