#
#
Сенбі 22/02/2020

Қазақ тілі һәм ұлт болашағы

  • 25.08.2017
  • 0
  • 4215

Елбасы Н.Назарбаевтың жоғарыдағы қанатты сөзі болашағымызға бағыт сілтеген темірқазық тәрізді. Тәуелсіздік аясында қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алды, рөлі өсті, қадір-қасиеті артты, абырой-беделі күшейді.

Сондықтан да Елбасымыз «Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады. Осылай тәуелсіздігіміз бүкіл ұлтты ұйыстыратын ең басты құндылығымыз – туған тіліміздің мерейін үстем ете түседі» дейді.

Осындай оң өзгерістер жоғары оқу орындарында да кеңінен көрініс табуда. Кеңестік кезеңде бір орыс ұлтының өкілі жоқ ауылдан қазақ мектебін бітіргендер жоғары оқу орнында орыс тілінде білім алуға мәжбүр болса, бұл келеңсіз жағдай бір көрген жағымсыз түстей артта қалды. Қазіргі таңда зиялы қауымның өзге тілге деген құлдық құрметтен ада саналы тобы Тәуелсіздік тарту еткен мүмкіндікті кеңінен пайдаланып, ана тіліміздің дамуы­на, қолданыс аясының кеңеюіне шама-шарқынша атсалысуда. Мысалы, Д.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы іргетасы көтерілгелі бері осы бағытта тиімді іс-шараларды мақсатты түрде жүзеге асыруда. Осы білім ордасының ректоры, белгілі қоғам қайраткері, заң ғылымының докторы, профессор Өмірәлі Шакарапұлы ­Жалаири мен проректор Кәшипа Рахымбекқызы Дарқанбаева бірінші кезекте екі тілді еркін білетін мамандарды жұмысқа алуға, кітапханада қазақ тіліндегі кітаптардың, соның ішінде қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздіктердің жеткілікті болуына, қазақ тіліндегі факультеттер студенттерінің оқу бағдарламасын қиындықсыз игеруіне жан-жақты жағдай жасауға, мемлекеттік тілді кеңінен насихаттауға баса көңіл бөледі. Расында, барлық республикаларда ашық түрде ресми тілдің басымдығын, үстемдігін орнатқан тоталитарлық жүйеден жаңа ғана құтылған елімізде қазақша оқулықтарды, осы тілде еркін сөйлейтін заңгер мамандарды табу өте қиын еді. Тіпті күнделікті тұрмыста қолданылатын сөздерді білсе де, бастан-аяқ орыс тілінде қалыптасқан заң терминдерін, кәсіби іс-дағдыларды күрт қазақыландыру, осы бағытта өз мамандығы бойынша еркін сөйлеу мүмкін емес болатын. Алайда Елбасымыз дүркін-дүркін «Тілге деген көзқарас шындап келгенде, елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан оған бей-жай қарамайық» деп, басқа да жігеріңді жанитын ойлы да орынды талап-тілектерін айтып, ұлттық мүддеге адал азаматтарды мемлекеттік тілдің дамуы жолында белсене әрекет етуге ұмтылдырып келеді. Сондықтан да шығар, өзі орысша мектепті бітіріп, әскерде де, Қазақ мемлекеттік университетінде де орысша білім алып, кандидаттық, докторлық диссертацияларын орыс тілінде жазғандығына қарамастан Өмірәлі Шакарапұлы қазақ тілінде оқулықтар жазуға, кәсіби оқулықтарды, шетелдегі үздік еңбектерді қазақ тіліне аудартуға ерекше назар ­аударды. Әрине, оның бастапқы еңбектері бұрынғы «Қопабаев Өмірәлі Қажыбайұлы» деген аты-жөнімен шықса, тәуелсіздік алып, ата дінімізге қайта оралған шақта мұсылмандық құқықтарды зерттеп, әркім туған әкесінің есімімен аталуы керкетігін түсінгеннен кейін құжаттарының бәрін Өмірәлі Шакарапұлы Жалаири деп өзгертіп, ендігі жерде еңбектері осы шынайы аты-жөнімен жарияланатын болды. Сонымен, ол осы жылдар арасында орыс тілінен тысқары, қазақша мынадай еңбектер жазып, дайындады: «Мұсылмандық құқық» (1997), «Шетелдердің конституциялық құқығы», (1998), «Шет ел сөздерінің құқықтық қысқаша сөздігі» (1998), «Мемлекет және құқық теориясы» (2006), «Мемлекет басшыларының заңды мәртебесі» (2016) және т.б.

Елбасы бір сөзінде былай деген еді: «Жыл сайын 100 мыңнан астам бала мектеп бітіреді, соның 80 пайызға жуығы қазақ тілінде оқыған. Қазір… барлық мектептерде қазақ тілін оқыту міндетті болып саналады». Бұл ақиқатқа қонаевтықтардың да көзі жетуде. Республикамыздағы заң саласындағы ең беделді оқу орындарының бірі болғандықтан еліміздегі хал-ахуалды осы білім ордасындағы жағдайдан-ақ аңғара аламыз. Қазіргі студенттердің 70-80 пайызы қазақ мектебін бітіргендер. Академиядағы түрлі жиындар екі тілде өтсе де, ұлтына қарамастан жастардың бәрі дерлік мемлекеттік тілге құрметпен қарайды, ерекше сүйіспеншілік танытады.

Қазақша сөйлеуді мәртебе санайтындар аз емес. Елбасымыз айтқандай «Қазір өз тағдырын Қазақстанмен байланыстыратын адамның бәрі баласына қазақ тілін үйретіп жатыр». Ендеше мұндай пайдалы бәсекеден ғалымдар да оқшау қалмақ емес. Сондықтан аталмыш оқу орнының басшылары бұрын тек орыс тілінде ғана білім алып келген шәкірттерін өз ана тілінде оқытуға бейімдеуде. Қазақша ғылыми диссертациялар жазу, баяндама жасау абыройлы іске айналды. Ректорымыз үлкенді-кішілі әр ­жиынды өзі қазақша бастап, қазақша аяқтап, әріптестерін қазақ тілінде сөйлеуге, баяндама жасауға шақырады. «Тілді байыту керек! Оған халықаралық ұғымдарды енгізсек, тіліміз дамиды» десек, академия аясында жыл сайынғы дәстүрлі шараға айналған «Тіл мерекесінде» түрлі ұлт өкілдері қазақша ән шырқайды, өлең оқиды, топ жарған жүйріктерге сыйлықтар тапсырылады.

Ал Өмірәлі Шакарапұлы өткен ғасыр­дың тоқсаныншы жылдарында ашқан «Қадырғали би Қосымұлы Жалайыри» атын­дағы халықаралық қор ұйымдас­тыра­тын түрлі жиындар тек қазақ тілінде өтеді.

Ұлттық мүддеге берік жандарды Жаратушының өзі де қолдайтын сияқты. Әркімге іс-әрекетіне, ниетіне қарай береді ғой. Ендеше мемлекеттік тілге деген ізгі ниеті мен белсенді іс-әрекеті үйлескен академия жылдан-жылға табыстан-табысқа жетуде. Оқу орнын жаңа ашқан жылдардағы әр жерді жалдап, зыр жүгірген күндер ұмытылды. Әбден тоз-тозы шыққан ескі ғимараттың өзіне орын тепкенде хан сарайына кіргендей қуанғанбыз. Оны күрделі жөндеуден өткізу оңайға түскен жоқ, бел жазбай еңбек ету нәтижесінде бүгінде 12 қабатқа ұласқан осы ғимараттардың бірінде оқу корпусы орналасты, екіншісі 12 қабатты жатақханаға айналды. Сондай-ақ Алматыдан, Талдықорғаннан, Талғардан, Астанадан осы академияға қарасты колледждер ашылып, олар да беделді оқу орындарының қатарына қосылды.

Материалдық-техникалық базасы өте жоғары деңгейдегі академияда 6 компью­терлік сынып тегін ғаламтор желісімен, 12 интерактивті, 11 мамандандырылған бөлмелермен жабдықталған. Кітап қоры бай кітапхана, электронды кітапхана, жатақхана, асхана, медициналық қызмет, спорт кешені бар.

Сондай-ақ заманауи озық құрал-жаб­­дық­тармен қамтамасыз етілген криминалистік оқу кешенін, арнайы зертханаларды, сот мәжіліс залын, сот медициналық залын, лингофондық сыныпты, бейне-дәрістердің интерактивті залы мен мультмедиялық аудиторияларды пайдалана отырып бәсекеге қабілетті мамандарды даярлайды. Арнайы заң клиникасы бар. Ал әлемдік тәжірибеден енген академиялық ұтқырлық жүйе шеңберінде өз елімізден және шетелдердегі жоғары оқу орындарынан студенттер мен магистранттар осында ауыса алады.

Академияның М.Ломоносов атындағы ММУ-мен, Потсдам академиясымен (Германия), Беларусь мемлекеттік академиясымен, Резекне Жоғары мектебімен (Латвия), Мәскеу экономика және құқық академиясымен, Балтық Халықаралық академиясымен (Латвия), Қытай саяси ғылымдар және құқық академиясымен, Менеджментті дамыту институтымен (Сингапур), т.б. шетелдік беделді университеттермен орнатқан әріптестік қарым-қатынас нәтижесінде алғыр, өршіл, талапты студенттердің осы мемлекеттердегі әрі өз ЖОО-нан қос дипломға ие болу мүмкіндігі мол. Яғни олар келешекте халықаралық деңгейдегі компаниялар мен мекемелерде, елшіліктерде жұмыс істейді. Оның үстіне, академия 2016 жылы аккредиттеу сынағынан абыроймен өтіп, бес жылға халықаралық институционалдық аккредиттеу туралы куәлік алды. Осы білім ордасының түлектеріне сұраныс көп, олардың арасынан шыққан түрлі деңгейдегі жоғары мансап иелері және жауапты қызметтегі, Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау органдары мен қаржы мекемелерін басқарып отырған лауазымды тұлғалар аз емес. Сірә, бұған олардың сапалы білім, мемлекеттік тілді жете меңгергендері де әсер етсе керек.

«Еңбек ет те міндет ет» дегендей, университет басшыларының халқына сіңірген еңбегі елеусіз қалған жоқ. Өмірәлі Шакарапұлы көптеген орден, медальдармен, соның ішінде «Құрмет», Ресей Федерациясының «Польза, честь и слава» ордендерімен марапатталды. «Алматы облысының құрметті азаматы» атанды. «Заңгерлер әділ сайлау үшін» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. «Қазақстандағы білім беру ісінің үздігі», «Қазақстан Республикасындағы ғылымды дамытқаны үшін» белгілерінің иегері, «Құрметті профессор», ҚР Жоғарғы мектеп академиясының академигі атанды. Ал, Кәшипа Рахымбекқызы ҚР Білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін сала министрінің Алғыс хатымен және «Білім беру ісінің Құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.

Олар ендігі жерде Елбасымыздың латын әліпбиіне көшу туралы талабын басшылыққа алып, осы бағытта іс-қағаз­дарын, оқулықтарды, компьютер бағ­дарламаларын бейімдеуге, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын жүзеге асыруға іргелі оқу орны басшылары ретінде белсене атсалыуға кірісті. Елбасының өзі атап көрсеткендей, «Қазақстанда мемлекеттік тілдің болашағы зор».

Гүлбаһрам Жебесін

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар