22 мау, 2018 сағат 12:33

Қазақ-қырғыз шекарасында сарбаз өлім аузынан қалды (Видео)

Қырғызстанның әлеуметтік желілерінде тарап кеткен видеода автокөлік шекарадағы өткізу бекетінің қақпасына бар жылдамдықпен соғылған.

Видеоның астындағы жазбада оқиғаның қазақ-қырғыз шекарасында Қазақстанның Қордай ауылы маңында болғаны айтылыпты.

Кадрларға қарағанда, шекарашы қара көлікті тексеріп жатады, сол кезде қатты жылдамдықпен келген ақ кроссовер қақпаға соғылған. Соққы салдарынан қара көлік алға сәл жылжып кетті. Абырой болғанда, шекарашы да шетке ығысып үлгеріпті.

Sputnik Қырғызстан хабарлағандай, Мемлекеттік шекара қызметінің мәліметі бойынша оқиға Қырғызстан территориясында болмаған. Дегенмен жағдайдың анық-қанығы тексеріліп жатыр.

Бастапқы деректер бойынша, бұл жайт Қазақстан аумағында болыпты.

sputniknews.kz