#
#
Жұма 20/04/2018

«Қазақ» атауы жайында

  • 16.04.2018
  • 0
  • 267

 

Қытай деректері көрсетуінше: б.д.д. 3-ші мың жылдықтан бастап б.д.д. 4 ғ. дейін орталық қытайдың солтүстігі мен батысын алып жатқан таулы аймақты «жунди» халқы мекендеді. «Жундилердің» солтүстігіндегі құрғақ далада «хунь» халқы, ал оңтүстігі мен шығысындағы төменгі алқаптарда қытайдың ата-бабалары отырды. Далалық «хунь» халқының шығысында, кәзіргі Манжуриядан бастап Корей түбегіне дейінгі аймақта «ху» тайпалары өмір сүрді. Көріп отырғанымыздай, б.д.д. 4 ғ. дейін қытай мен хунь халықтары ортасындағы таулы аймақта «жунди» халқы отырды.

Хунь елі б.д.д. 4 ғ. кәзіргі Маңғолия аймағынан бастап ұлы қытай қорғандарына дейінгі алып аймақта Хунь империясын орнатқан, содан б.д. 1 ғ. дейін Қытай империясын өзімен санасуға мәжбүр еткен даңқты халық. Олар жай ғана тайпа емес, 24 тайпадан тұратын үлкен  халық болған. Тарихта осы халық «хунь» және «хунну» атауларымен белгілі, ал ғалымдар оларды қазақша «ғұң» деп атап келді. Дұрысында ол халықтың өз атауы «Қоңыр» болғанын байқау қиын емес. Қытай тілінде «Р» дыбысы мүлде жоқ, осы себептен «хоңыр» қытай дыбыстауында «хунь» немесе «хунну» болып қалыптасқан.

Жыл онекі ай ашық күн астында, жел өтінде болатын дала халқының өңі қоңыр болуы заңдылық, құрғақ даланы мекендеген «хунь» халқының өңі қазақтардың өңіндей қоңыр түсті болған, осы себепті көрші «жунди» халқы оларды «хоңыр» деп атаған.

Ал сол «жунди» халқының өзі қалың ну ормандармен көмкерілген тауды мекендеді, күн сәулесі түсе бермейтін қалың орманда, тұманды таулы өлкеде мыңдаған жылдар отырғандықтан ол халықтың түрі «көк көзді, қызыл шашты» болып қалыптасты. Халықтың түс-келбеті қоршаған ортаға байланысты қалыптасуы заңдылық, мысалы:  орыс, эстон, татар, беларус, швед тәрізді солтүстіктегі ұлттар «көк көзді, сары шашты» болып келеді, өйткені олар, ғасырлар бойы күн қызуы әлсіз батыс-солтүстіктің қалың ормандарын мекен еткен халықтар. «Жунди» халқының да «көк көзді, қызыл шашты» болуы, олардың мыңдаған жылдар бойы, күн сәулесі түсе бермейтін қалың ормандар көмкерген тұманды тауларды мекендеуімен тікелей байланысты. Қытай жазбалары «жунди» халқын «қызыл шашты албастылар» деп көрсетеді, осы дерек олардың келбетері «жүндес» болғанын аңғартады. Осындай себептен «хоңыр» халқыда таулық көршілерін «жүнді» деп атаған деу орынды, яғни, тау халқы дала халқын «хоңыр» деп атаса, сол дала халқы тау халқын «жүнді» деп атап кеткенін көреміз. Ал «хоңыр» халқының шығысында, кәзіргі Манжуриядан сонау Корея түбегіне дейінгі аймақта «ху» тайпалары отырды. Оларға «ху» атауын берген көршілері «хоңыр» халқы болар, оның мағынасы «айлакер, қу» екені түсінікті, яғни шығысында отырған «қулығы көп» көршілерін «қу» деп атап кеткен деу орынды (жапон, корей, маңғолдардың арғы ата-бабалары). Жалпы, әр халыққа атауды көршілері бергені белгілі жайт, «көршің қалай атаса, солай боласың» деген сөз бекер болмас.

Б.д.д. 4 ғ. шамасында «жүнді» халқы  қытайлардан жеңіліп екіге ыдырады, осылайша ежелден қытайдың ата-бабаларын билеп төстеген «ержүрек жунди» халқы өз отанынан айрылды. Қытай жазбасы «жеңілген жундилердің бір бөлігі шығыстағы ху тайпалары аймағына, екінші негізгі бөлігі батысқа кетті» деп көрсетеді. Б.д.д. 3 ғ. жүнділердің кәзіргі Шыңжан өлкесінде қалғандарын қоңыр халқынан (құң-хунь) болған топ бағындырып,  онда Уйсун деген кішігірім таулық мемлекет орнады. Мемлекет атауы әуелде Үйжүн болып, билік «қытай жиендерінде» болған кейінгі ғасырларда қытай тілі «үйжүн» атауының «үйсүн» болып өзгеруіне ықпал еткен тәрізді («үйжүн» атауы «жүн үйі» немесе «жүн елі» мағынасында). Үйсүн мемлекетін билеген династия қоңыр (құң-хунь) халқынан, осы себептен өздерін «қоңырмын» дейтін Үйсүн билеушілерін қытайлар «хуньмо» деп жазбаларына енгізген. Оны бізде «күнби» деп қате түсіндіріп жүр, «хуньмо» дұрысында «қоңырмын» деген сөздің қытайша бұрмалануы ғана.

Б.д.д. 4 ғ. шамасында «жүнді» халқының жерін қытайлар иеленуі, Қытай империясы мен Хунь империясының шекаралас көрші болуына алып келді. Оған дейін екі елдің ортасын Жүнді елі бөліп тұратын. Енді екі империя жақын көрші болды, қоңыр халқы «бойлары аласа, саны аса көп» көршілерін «құрттай» деп атады, ал қытайлар «р» дыбысы жоқтығынан атауды «хытай» деп дыбыстап, осылайша «құрттай» атауы негізінде қытай ұлтының атауы пайда болды. Өз кезегінде, қытайларда көрші қоңыр халқын «хунь» деп атап кетті, яғни, «р» дыбысы жоқтығынан «хоңыр» қытайша «хунь» болып дыбысталған.  Жақын көрші болған төрт ғасырда қоңыр халқыда қытайлық атау ықпалымен өздерін «құң» деп атауға «көндіккен» деу орынды. Осы себепті ескере отырып біз ол халықты «құң» деп көрсеткенді дұрыс санаймыз.

Құң халқы б.д. I ғ. қытай-сяньби одағынан жеңіліп төртке ыдырады, олардың негізгі бөлігі қазіргі Қазақстан аймағына ауа көшіп, ондағы Сақ халқын басып алды. Сол заманда Құң халқын өкшелеген Сяньби әскерін тоқтатқан Тарбағатайда отырған Абар тайпасы болғаны мәлім. Тарихи деректерде құң халқының алдыңғы легі Құман (Кубань) өзеніне және бір тобы Закавказьеге жеткені көрсетіледі. Әрине ресей империясы тарихты бұрмалап, «құңдар кәзіргі қазақ даласына еш тоқтамастан Еділ мен Жайық өзендерінен ары батысқа асып кеткен» деп тұжырымдап жіберді. Онысы еш ақылға симасада «билеушілердің дегеніне» көндік ол заман. Құң халқының кейбір рулары Еділ өзенінен ары асып кетседе олардың негізгі бөлігі біздің далада тұрақтап қалғаны, яғни біздің даладағы сақ халқына келіп қосылғаны түсінікті.

Осылайша I ғ. тілдері туыс көшпелі екі ұлы халық біздің далада қосылып, одан кейін араласып біртұтас ұлтқа айналу процесін басынан кешірді. Билік құңдарда болғандықтан қазіргі Қазақстан аймағын солтүстіктегі өзге түркітілді тайпалар Құңзақ деп атап кеткен. Құңзақ атауында кәзіргі қазақы "жақ" сөзі орнында "зақ" қолданылған, мағынасы "құң жері". Демек көршілер біздің даланы Құңзақ деп атаған, кейін ол даланың халқыда Құңзақ деп аталып кеткен. Осылайша біздің далада қосылған құңдар мен сақтар бірнеше ғасырлар шамасында Құңзақ атаулы біртұтас халық болып қалыптасты. Бұл біздің дәуірдің 1 ғасыры мен 4 ғасыры арасында орын алғанын көреміз. Ал 4 ғасыр мен 6 ғасыр аралығында  Құңзақ атауы Қазақ болып өзгеріске ұшыраған. Яғни «құңзақ» атауындағы  «ұң» бөлігі қолданыстан шығып, атау қысқарып, әуелі «Қзақ» сосын ол біржолата Қазақ болып орныққан.

Тұжырым жалаң сөз емес екенін төмендегі деректер негізінде көрсетіп өтелік.

Құң халқының жауынгер абар тайпасы 1 ғ. Тарбағатайда отырғаны айтылды. Осы тайпа 4 ғасырда Кавказға қоныс аударғаныда көп ғалымдар мойындайтын жайт, олар «савирлер қысымынан сонда барды» деп тұжырымдалады. Дағыстандағы қазіргі Авар ұлты сол бізден барған Абар тайпасы ұрпақтары. Оны аварлардың Дағыстан тауындағы ата қонысы «Хунзах» деп аталатыны, және «хунзах» атауы авар тілінде "хун жері" деген мағына беретіні анық дәлелдейді. Аварлардың ата қонысын мағынасы «хун жері» болатын хунзах атауымен атауы, олардың Тарбағатайдан барған Абар тайпасы екенін көрсетеді. Дағыстандағы Хунзах жазығында аварлардың ежелгі астанасы Хунзах қаласы орныда сақталған. Демек Абар тайпасы Кавказға көшкен 4 ғасырда біздің далада отырған құң мен сақтар Құңзақ деген біртұтас халық болып қалыптасып қойған. Абар тайпасы Кавказға өз тайпа атауымен бірге халықтық Құңзақ атауында алып барғанын көреміз. Ал біздің далада Құңзақ атауы сақталмады, өйткені ол кейін өзгеріске ұшырап Қазақ атауына айналды. Әрине кәзіргі авар тілін қазақ тіліне жақын дей алмаймыз, алайда ол Алтайлық тілдер тобына жатқызылады. Тілдерінің соншалықты өзгеру себебі олардың ұзақ ғасырлар, 5 және 11 ғасырлар арасында әуелі византиялық християндықта және сосын 11 мен 14 ғасырлар арасында католиктік християндықта болуында. Олар сол ғасырларда византиялық Шіркеу тілі мен рим католиктік Шіркеу тілдері ықпалына қатты түсті, сол шіркеу тілдері абарлардың құңзақтық тілін қатты өзгеріске ұшыратты. Тілдерінің өзгеруі тек Ислам дінін қабылдауларымен тоқтады деу орынды.

Кавказда орныққан сол Абар тайпаларының үлкен тобы 6 ғасырда Еуропаға кеткенін көреміз, 562 жылы Европада орталығы кәзіргі Венгрия аймағы болған Авар Қағанаты пайда болды. Оны орнатқан билеушінің Баян хан деп аталатыны, және ғалымдардың аварларды түркітілділер деп мойындағаны белгілі. Ол абарларда өздерімен бірге Құнзақ атауын Венгрияға алып барғанын көреміз. Венгрияда аймағында екі бөліктен тұратын Кунзак аймағы бар, оның бірі, мағынасы «кіші кунзак» делінетін «Кишкунзак өлкесі», екіншісі, мағынасы «үлкен кунзак» делінетін «Надкунзак өлкесі». Ресей өз әдетінше бұрмалап «кунзак» атауын «қыпчак» деп түсіндіріп келеді, алайда Венгрия аймағындағы «Кунзак» атауы мен Дағыстан тауындағы «Хунзах» атауларының негізі бір екені көзі қарақты адам үшін ақиқат. Екі атаудыңда Авар тайпасымен байланысты болуы және ол тайпаның ежелгі ата жұрты біздің Тарбағатай тауы болғаныда көп нәрсенің бетін ашады. Ең бастысы осы деректер сақ пен құң деген ежелгі екі ұлы халықтың біздің далада қосылып біртұтас Құңзақ халқына айналғанын дәлелдейді.

Ал енді Құңзақ халқы атауының Қазақ болып өзгеріп қалыптасқанында тарихи деректер негізінде көруге болады.

7 ғасырда қазіргі Қашқар аймағы халқы қытай жазбасында Хаса деп көрсетіледі. Қытайлар қазақты осы заманға дейін Хаса деп атап келгені белгілі жайт. Оның себебі қытай тілінде әріптердің өзгеше дыбысталуында. Қытайлар «қазақ» атауын толық дыбыстаса ол «хасакы» болып шығар еді, ал қытайларда ертеден бөтен атауларды қысқартып атау қалыптасқан. Сол әдеттерімен олар қазақ халқын «хаса» деп атап кеткен. Әрине ресей өз әдетінше бұрмалап «ол атау хазар тайпасын көрсетеді» деп келді. Алайда Қашқар аймағын әлі күнге дейін хазарлар емес қазақтар мекендеп келгені анық. Ал, хазар тайпасының Закавказеге кетпей қалғаны әлі күнге дейін өз отанында, түркімен ұлтының құрамында өз атауымен тайпа ретінде өмір сүруде. 

Тарихи деректер 626 жылы, яғни 7 ғасырда Закавказьені біздің даладан барған «жалпақ бетті, қысық көзді азияттар» басып алғанын айтады. Олардың Тбилиций қаласын қалай басып алғаны егжей тегжей баяндалады. Ол азияттар сол жерді басып алып билеп қалды, ал 8 ғасырда араптар Закавказеде Қазақ қаласы барын көрсетеді (сол Қазақ қаласы кәзірде бар). Демек 626 жылы біздің даладан барып Закавказені басып алғандар Қазақ деп аталған халық, ондағы қаланың Қазақ деп аталуы солармен  байланысты. Қазіргі Азарбайжандағы Казах атауы мен Армениядағы Касах атаулары сол қазақтардан қалған белгілер. Екі Кавказ тауы арасында Касахия елі барын 9 ғасырдағы Византия императоры жазған, араб тарихшысы, әрі географы Ал Масуди 10 ғасырда ол халықты Кашак деп көрсетіп жазды. Осы арап тарихшысы «кашак халқы ондағы барша халықтардан сұлу, өйткені олардың беттері өзгелерге қарағанда онша жүндес емес, таза» деп көрсетеді. Арап тарихшысы барғанда ол қазақтардың Кавказда отырғанына 300 жыл болған еді, осы ғасырларда олардың келбетінде «беті жалпақ, көзі қысық» делінетін азияттық белгілер жойылғанын, алайда олардың келбеттері кавказдықтарша «толық жүндес» болып өзгеріп үлгермегеніне арап тарихшысының осы сөздері куә.

Ол қазақтардың үлкен бөлігі 11 ғасырдағы Грузия күшейген заманда өз жерінен айрылып Дон өзені аймағына қоныс аударған. Олардың ұлттық киімдері Закавказеде өмір сүрген ұзақ ғасырларда «закавказелік» болып өзгерді, «Дон казактарының» ұлттық киімдері мен кавказ ұлттарының ұлттық киімдері бірдей болуы осындай тарихтан. Дөң қазақтары кейінгі 16 ғасырдан бастап Ресей империясы ықпалымен християндыққа өтіп бастады, осы себептен олар Шіркеу тіліне көшуге мәжбүр болып қазақ тілін жоғалтты. Шіркеу өз тілінен бас тартпағандарды «язычники» деп атап қуғынға ұшыратып өртеп қырып салатын, осындай себептер закавказеден шыққан қазақтардың «славян тілді Казак тобына» айналуына алып барды. Ресей ғалымдарының «ескі Дон сөздерінің қазақ сөздерімен бірдей» екенін амалсыз мойындағаны, ал атақты академик Бартольдтің «казактардың шығу тегі қазақтардан» деп тұжырым жасағаныда анық фактілер. Әрине ресей өз әдетімен «казактар негізінен ішкі ресейден крепостной құлдықтан қашқан орыс шаруаларынан пайда болды» деп бұрмалайтыны белгілі. Алайда Ресейде құлдық тәртіп тек 16 ғасырдан кейін енгізілді, ал казак дегендердің Қырымға жақын аймақта 13 ғасырда отырғаны тарихи деректермен дәлелденген. Сонда біздің даладан барып 626 жылы Закавказені басып алғандардың кейінгі ұрпағы казактар болып шығады, ал казактардың ескі өз тілі «қазақша» болғанын ғалымдар мойындайды. Демек біздің даладан 626 жылы барып Закавказені басып алғандардың ҚАЗАҚ халқы болғаны анық.

Осы деректер мен қытайдың Қашқар аймағы халқын «хаса» деп көрсетуі, 7 ғасырдағы біздің дала халқы ҚАЗАҚ деп аталғанын дәлелдейді.

13 ғасырда өмір сүрген арап тарихшысы Ибн әл Асир, Шыңғысхан әскері Закавказеде алан мен кашактардың біріккен әскерімен соғысқанын, сол кезде Шыңғысхан әскері кашактарды «сендер мен біз бір ұлтпыз, ал аландар бізден емес» деп үгіттеп өздері жағына шығарғанын жазады. Осы арап тарихшысы сол ғасырда өмір сүрген адам. Аландар ұрпағы қарашай мен балқарлар, олардың тілі қазақ тіліне өте жақын болғанымен өз өзгешелігі бар тіл. «Сендер мен біз бір халықпыз, аландар бізден емес» деген сөздері, Шыңғысхан әскері мен сол кашактардың бір ұлттан екенін анық дәлелдейді, ал маңғол мен қазақты бір халық деу ақылға симайды, одан гөрі қарашай мен қазақты бір халық деуге болады. Шыңғысхан әскері болса сол айдаладағы Закавказедегі кашак халқын «бір ұлттанбыз» деген сөзбен көндіріп өз жағына шығарды. Шыңғысхан әскері маңғолдар болса, олар кашак дегендерге «біз бір ұлтпыз» дей алмас еді. Осы дерек Шыңғысхан әскері адамдары өзін «қазақ» деп атайтын халық болғанын, ал кашак-касах дегендер Закавказені 7 ғасырда жаулап алған қазақтар екенін тағыда дәлелдейді.

Ресей өз әдетімен «кашак дегендер қыпшақтар» деп бұрмалап келді, алайда грузин мен арап жазбалары «кашак» деп көрсеткен халықты византия жазбалары «касах» деп көрсетеді. Оның үстіне Закавказеде ешқандай «қыпшақ» атауы сақталмаған, ал «казах» пен «касах» атаулары осы күнге дейін сақталып келді. Азарбайжандағы «Казах даласы» мен «Казах қаласы» және 15 ғасырда Азарбайжан жерінде болған «Казах сұлтанаты», Армениядағы «Касах сарқырамасы» мен «Касах өзені» және балқарлар құрамында құлдық сословиеге жатқан «казах тобы» мен осетиндік дигорлар құрамында да құлдық сословиеде саналған «касогта тобы» соның дәлелдері. Ал қыпшақ атауы атымен жоқ деуге болады.  Ресей империясы өзара ұқсастығын пайдаланып, «қыпшақ» атауы арқылы «қазақ» атаулы халық болғанын жасыруға тырысқанын көреміз.

Осы деректер Закавказені сонау 7 ғасырда басып алғандар Қазақ халқы екенін тағыда дәлелдейді, ал ол өз кезегінде қазақ халқы өз отанында 7 ғасырда анық бар болғанын көрсетеді. Оған дейін халқымыз Құңзақ деп аталғанында дәлелдеп көрсеттік. Демек Қазақ халқы ежелгі сақ пен құң халықтарының үзілмеген заңды жалғасы. Ежелгі құң мен сақ халықтарының біздің далада 1 ғасырда қосылып, 4 ғасырға дейін біртұтас Құңзақ халқына айналғаны, сосын олардың атаулары әуелі «қзақ» болып қысқарып, сосын 6 ғасыр соңында Қазақ атауы болып біржолата орныққаны анық деуге толық негіз бар.

Закавказедегі қазақтар кейін сондағы осетин, балқар, азарбайжан, армиян, грузин, құмық ұлттары құрамына ассимиляциаланып сіңіп жойылды. Осетиндік дигорлар мен балқар ұлтының құрамында «қазақ» деген «құл сословиесі» болғаны аталған ұлттар тарихында көрсетілген, ал дигор мен балқар және қарашайлар Алан халқының тікелей ұрпақтары болып табылады. Қарашай мен балқар тілдері қазақ тіліне өте жақын және олар өзара бір бірін «алан» деп атайды, дигорлар болса ирон-осетиндерге сіңіп дигор тілін жоғалта бастаған халық. Қазақтардың аман қалған бөлігі 15 ғасырда, кәзіргі Азарбайжан аймағында, астанасы Қазақ қаласы болған Қазақ сұлтанатын орнатқан. Әрине ол қазақтар ол кезде толық кавказдық келбеттегі адамдар болды және кейін азарбайжан ұлты құрамына ассимиляцаланып сіңді. Алайда олардың бір тобы кәзіргі Иран аумағында орнығып, кейін Ирандағы сарай төңкерістерінде қолданылған «казак» әскери жасақтары ретінде тарихта қалды, әрине оларда парсы мен азарбайжандарға сіңгені түсінікті (алайда солар жайлы көп деректер сақталғаны түсінікті, оларды барып зерттесе көп жайттың беті ашылар еді). Осындай деректер закавказьелік қазақтардың кей тобы Аландарға құлдыққа түскенін, Армения мен Грузия тауына жансауғалағандары грузин мен армияндарға сіңіп кеткенін көрсетеді. Ал олардың Дөң аймағына кеткендері кейін Шіркеу тіліне көшіп өз қазағына жау «Дон казактары» болып өзгергенін айттық.

Түркі қағанатын орнатқан «Тюрки Ашина» династиясы екені және олардың арғы тегі Хунь ханзадасынан тарайтыны белгілі. Яғни аталған тайпа ежелгі Хунь империясын билеген династиядан тарайды. Түркі қағанаты атауы ол мемлекеттің халқының атауымен емес, сол мемлекетті билеген династияның атауымен тарихқа енді. Ол заманда мемлекет биліктегі тайпа атауымен аталып, ал мемлекет халқының өз атауы көлеңкеде қала беретін. Сақ халқы билігі Қаңлы тайпасында болғандықтан мемлекет Қаңлы мемлекеті деп аталды, шынында қаңлы сақ халқының көп тайпасының бірі ғана болатын. Кейінге дейін Найман хандығы, Керей хандығы, Жалайыр мемлекеті, Қарақойлы мемлекеті, Аққойлы мемлекеті дегендер болды және ол атаулардың барлығы биліктегі тайпа атауымен байланысты болатын. Осындай себептерден Жужан мен Түркі қағанаттары тарихынан сол мемлекеттердің халқының өз атауын кездестіру өте қиын.

Алайда халық атауы тарихи деректерден азда болса кездеседі, және Түркі қағанаты халқы «қазақ» деп аталғанын сол деректерден анық көруге болады. Арап әріпті жазбалар 7 ғасырда Үндістанға дейін жаулаған Батыс Түркі Қағанаты әскері адамдарын Халаж немесе Хилж деп көрсетеді, және олардың жеке тайпа атауы еместігі айтылады. Түркі қағанатының қарапайым қатардағы жауынгерлері осы атаумен аталатыны көрсетіледі, яғни, кез келген тайпаның жауынгерін осы атаумен атаған. Ал енді осы екі атаудың арапша жазылуы мен "қазақ" атауының арабша жазылуы өте ұқсас, тіпті  бірдей деуге болады (төменде көрсетілген). Бұл дерек Түркі қағанаты халқы қазақ деп аталғанын көрсетеді.

حذح          حلج          حلج

Хазах  Хилж  Халаж

19 ғасырдағы Ресей тарихшысы Алексей Левшин «Киргиз-кайсак ордасы жайлы» деген атақты еңбегінде «Қазақ халқы кей шығыс ғалымдарының айтуынша Христос туғанға дейін, яғни біздің дәуірге дейін халық болып қойғанын» көрсетеді. Ол бұған күмәнмен қарайтынын, алайда Қазақ деген халықта және Қазақ Хандығы атауыда тарихта алғаш рет 10 ғасырдағы атақты парсы Фердаусидің «Рустам» дастанында көрсетілгенін атап өтеді. Қазақ тарихының негізгі көзі ретінде танылып жүрген бірден-бір дүние Дулатидің «Тарихи и Рашиди» жазбасы. Осы жазбада көрсетілген деректердің өзге жазбалар тарапынан расталмауы, ондағы оқиғалардың бірнеше қайталана жазылуы және  жазбаның өзара қайшылыққа толы үш нұсқасының болуынан шетел ғалымдары аталған жазбаны «сенімсіз жазба» деп түсінгенін көреміз. Аталған жазба, Ресейдің «қазақ кеше пайда болған ұлт» деген көзқарасын дәлелдеу құралы болып табылады, осы себептен Кеңес империясы саясатыда аталған жазбаның «ақихат» екеніне сендіріп бақты, сол жалған сенімнің құлы болғандықтан тарихымызды тани алмай отыр тарихшы ғалымдарымыз.

Фердауси өз жазбасында, 10 ғасырда, яғни Шыңғысханға дейін 300 жыл бұрын Қазақ хандығыда, Қазақ халқыда кәзіргі өз отанында бар екенін анық көрсетті. Осыған сенбей, қайдағы бір күмәнді Дулати жазбасына сеніп, «қазақ халқыда және оның ұлттық мемлекетіде кешегі 15 ғасырдан кейін пайда болды» деп отырғандарға таңым бар.

Ресей империясы өз саясаты бойынша барынша бұрмалап, Фердауси дерегіндегі Қазақ хандығы атауын өзгертті. Ресей ол Қазақ хандығын тарихқа «Қараханиды» деп бұрмалап енгіздірді. Солай екенін аңғару арапша әріптермен таныс оқырмандарға қиынға соқпайды (төменде көрсетілген). Ресей «Қараханиды» еткен мемлекеттің ресми мемлекеттік діні Ислам болғаны, және «қараханиды» дегендер «қалаларда сол қала тұрғындарынан өз сенімді адамдарын басшы етіп, өздері киіз үйлерінде кең далада отыруды жөн санаған» көшпелілер болғаны тарихи деректерден белгілі. «Қараханиды билеушілері хожалардан болған» дегендерге бұл нақты жауп, өйткені хожалар ешқашан көшпелі болмағаны бесенеден белгілі, оның үстіне хожа тайпасы Орта Азияға 11-12 ғасырлар шамасында келді. Демек «Қараханиды» дегендері Қазақ Хандығы болған және оның қазақ деген көшпелі халқы Ислам дініндегі мұсылмандар болатын.

قازق               قارق

Қазақ    Қарақ

Ресейдің Тараз қаласы атауын 19 ғасырда «Аулие Ата» деп өзгертуі және осы ғасырда Тараз қаласында ескі қорымда «Қарахан баба мүрдесі екен» деген желеумен «Қарахан Баба» кесенесі салынуы, сол өздері ойлап тапқан «Қараханиды» атауының «болғанын» дәлелдеуге тырысуынан деу орынды.

Демек, "қазақ" атауы әуелгі "құңзақ" атауынан шыққан. Ежелгі құң және сақ халықтары біздің далада қосылып бір халыққа айналды, ол халық әуелде Құңзақ деп аталып, кейін атау қысқарып Қазақ болып орныққан.

Осылайша Қазақ атауының тарихының өзі қазақ халқы мен ежелгі сақ пен құң халықтарының өзара жалғасты екенін дәлелдеп береді.

Бекжан Әденұлы, 

«ҚАЗАҚТЫҢ ҚҰПИЯ ТАРИХЫ» кітабынан

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар