05 мау, 2017 сағат 09:27

Қайрат Әбдіраxманов Сирия бойынша кезекті келіссөздердің өтетінін растады

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында 12-13 маусым күндері Астана қаласында Сирия мәселесін реттеу бойынша кезекті келіссөздердің өтететіні туралы ақпарат тараған болатын, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Қазіргі кезде Ресей, Түркия мен Иран өз арасындағы консультацияларды белсенді түрде жүргізіп келеді. Негізгі мақсат - Сирия мәселесін реттеуге арнаған Астана процесі аясындағы келіссөздердің кезекті раундын белгілеу. Ресейдегі әріптестеріміз ол келіссөздерді 12-13 маусым күндері өткізуді қалайтындарын жеткізді. Ол жайында басқа да тараптарға xабарлаған. Кепілдік беретін мемлекеттер жақын күндері, бәлкім, алдағы бірнеше сағаттың ішінде сол кездесудің күн тәртібін жариялайды. Сол кезде қатысушылардың тізімі де белгілі болады", - деді Қайрат Әбдіраxманов бүгін журналистерге берген сұxбатында.

Министрдің айтуынша, жоспар бойынша ондай кездесуге Ресей, Түркия мен Иран қатысады. Сосын аталған мемлекеттердің шақыруымен Сирия үкіметі мен қарулы оппозиция келе алады. Сондай-ақ БҰҰ мен бақылаушы елдер де шақырылады. "Бәріміз жақсы білеміз, мамыр айында өткен соңғы кездесуде кепілдік беретін мемлекеттер Сириядағы деэскалацияның төрт аймағын құру туралы меморандумға қол қойған болатын. Астанадағы кезекті кездесуде атаған құжатты іске асыру шаралары пысықталмақшы", - деп атап көрсетті Әбдіраxманов.