#
#
Сенбі 24/08/2019

Қайда қызмет істесем де, кәсіби білікті команда жинап жүремін - Өмірзақ Шөкеев

  • 18.06.2019
  • 0
  • 604

Бүгін Түркістан облысының құрылғанына бір жыл толуына орай ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев кадр таңдауда қандай критерийлерге мән беретінін айтып өтті. Өңір басшысының айтуынша, маман таңдауда ең бастысы - кәсіби біліктілігіне мән беру қажет, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".  

«Біреулер мен туралы «жақындарын, жерлестерін жұмысқа тартады» деп ойлайды. Шындығында ондай ештеңе жоқ. Оны тексерсеңіздер де болады. Мен қызмет істеген жерлерде өзім тағайындайтын адамдардың тізімін алып, сараптама жасасаңыздар да болады, бәрі шығады. Негізі мен қай жерде жұмыс істесем де, Қостанай, Астана, Шымкентте болсын, кәсіби біліктілігі жоғары команда жинап жүремін. Себебі, әкімдерде сондай білікті команда болуы керек. Әр жерден, әр саладан», - деді Өмірзақ Шөкеев.

Аймақ басшысы сондай-ақ, бір орыннан «қозғалмай» отыратын басшылар туралы пікір білдірді. «Бір саланы ұзақ жылдар бойы басқару жемқорлыққа бір қадам жол емес пе?» деген сауалға әкім тиісті жауабын берді.

«Менің ұстанымымда «адам жиырма, отыз жыл отыр, сондықтан алып тастайық» деген принцип жоқ. Адам кәсіби деңгейі жоғары маман болса, өз саласында таза жұмыс істесе, бекерден-бекер қызметтен алып тастауға болмайды. Қызмет - адам өмірінің нәтижесі, абыройы, жан-жағындағы халықтың алдындағы өзінің деңгейі. Сондықтан тектен-тек, бостан-бос «жасы келіп қалды» немесе «көп отырды» деп жұмыстан алып тастау менде жоқ», - деді Өмірзақ Шөкеев.  

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар