04 шіл, 2019 сағат 16:38

Қасым-Жомарт Тоқаевқа 150-ден астам құттықтау келді - Ерлан Қарин

 

Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевқа 150-ден астам құттықтау хаты мен жеделхат келген, сондай-ақ 10-нан астам адам телефон шалып құттықтаған. Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевқа 150-ден астам құттықтау хаты мен жеделхат келген, сондай-ақ 10-нан астам адам телефон шалып құттықтады», - деп жазды Ерлан Қарин Telegram-арнасында.

Атап айтқанда, ҚР Президенті болып сайлануына орай, Қасым-Жомарт Тоқаевты Ресей Президенті Владимир Путин, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, АҚШ Президенті Дональд Трамп, Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған, Германия Канцлері Ангела Меркель, Франция Президенті Эммануэль Макрон, Ұлыбритания Премьер-министрі Тереза Мэй, Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэ, Иран Президенті Хасан Рухани, Польша Президенті Анджей Дуда, Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди, Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху, Украина Президенті Владимир Зеленский, Сауд Арабиясының Королі Салман бен Абдель Азиз Аль Сауд, Ұлыбритания Патшайымы Елизавета II, Испания Королі Фелипе құттықтады.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаевты ҚР Президенті болуымен құттықтағандар арасында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, ЕҚЫҰ Бас хатшысы Томас Гремингер, Еуразия экономикалық кеңесінің Алқа Төрағасы Тигран Саркисян, Еуропа комиссиясының Президенті Жан-Клод Юнкер, Дүниежүзілік сауда ұйымының Бас директоры Роберто Азеведо, Ислам ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Юсеф бен Ахмад аль-Осеймин, ШЫҰ Бас хатшысы Владимир Норов, Экономикалық ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Хади Солейманпур, т.б. бар.