#
#
Cәрсенбі 21/08/2019

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Шымкентке барды

  • 23.03.2019
  • 0
  • 436

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Шымкент қаласында барды. Бұл жайында Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Фэйсбуктағы парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

- Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың киелі Түркістаннан кейінгі жұмыс сапары Шымкент қаласында жалғасуда, - деп жазды Берік Уәли. 

Айта кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы жұмыс сапарын қасиетті Түркістаннан бастады.  Өңірге сапары аясында Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне ат басын бұрып, «Әзірет Сұлтан» қорық-музейін жаңғырту жоспарымен танысты. Жуырда ғана тұсауы кесілген облыстық «Жастар ресурстық орталығында» болды. Сонымен қатар облыс активімен өткен жиынға қатысып, Президент лауазымындағы мақсатын жария етті.  

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар