17 шіл, 2019 сағат 15:00

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлттық кеңес елімізді жаңғырту ісіне елеулі үлес қосады

ҚР Президенті Ұлттық кеңес елімізді жаңғырту ісіне елеулі үлес қосады деген сенім білдірді, – деп хабарлайды Ұлт ақпарат.

«Сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы Жарлыққа қол қойдым. Ұлттық кеңес мүшелері, белгілі қоғам қайраткерлері елімізді жаңғырту ісіне елеулі үлес қосады деп сенемін. Бұл – өте маңызды міндет» деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.

Еске салайық, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі туралы Жарлыққа қол қойып, оның ережесі мен құрамын да бекітті.