#
#
Дүйсенбі 14/10/2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Теңіз академиясына барды

  • 11.04.2019
  • 0
  • 518

Қазақстан Президенті Бесінші Каспий саммитінде қол жеткізген уағдаластықтардың қорытындысы бойынша 2018 жылы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің жанынан ашылған Теңіз академиясының жұмысымен танысты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы кеме жүргізушілердің, кеме механиктерінің, штурмандардың көп функциялық тренажерлік сыныптары, сондай-ақ, алғашқы медициналық көмек көрсетуге, өртке қарсы және құтқару жұмыстарын ұйымдастыруға арналған дәрісханалары бар академияның көпбейінді материалдық-техникалық базасын аралап көрді.

Студенттермен бейресми әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев заманауи стандартқа сай сапалы әрі арнайы білім алудың маңыздылығын атап өтіп, олардың оқуда табысты болуына тілектестік білдірді.

Университет студенттері өскелең ұрпақ мәселелеріне ерекше көңіл бөліп, Жастар жылы аясында мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп жатқаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысына университеттің жұмыстары, соның ішінде 1 200 еріктіні біріктіріп отырған «Қоғамға қызмет» бағдарламасы жөнінде ақпарат ұсынылды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар