12 там, 2019 сағат 17:12

Қасым-Жомарт Тоқаев өкілеттігі тоқтатылған сенаторларға алғыс айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасы арқылы өкілеттігі тоқтатылған сенаторларға алғыс білдірді.

«Парламент Сенатындағы жемісті еңбектері үшін С.Громовқа, Б. Әйтімоваға, А. Бейсенбаевқа, Г.Кимге, Р.Қосдәулетовке, Р.Түсіпбековке зор ризашылығымды білдіремін», - деп жазды ҚР Президенті.

Айта кетейік, бүгін ҚР Президентінің Жарлығымен 4 сенатордың өкілеттігі тоқтатылған болатын.

Сондай-ақ ҚР Парламенті Сенатына бірқатар жаңа депутаттар тағайындалып, бірқатары қайта тағайындалды.