#
#
Сенбі 23/11/2019

Мемлекет басшысы француз саяси қайраткері Жак Атталиді қабылдады

  • 08.11.2019
  • 0
  • 277

Қасым-Жомарт Тоқаев француздың белгілі саяси қайраткері, «Attali and Associes» ассоциациясының президенті Жак Атталиді қабылдады, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, Қазақстан мен Франция арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың даму перспективалары, соның ішінде Франция Президенті Эммануэль Макронның алдағы уақытта Қазақстанға жоспарланған ресми сапарының барысы талқыланды.

Француз саясаткері Қазақстан Президентіне кездесуге мүмкіндік жасағаны үшін алғыс айтып, елімізде жүргізіліп жатқан реформаларға жоғары баға берді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар