16 шіл, 2018 сағат 10:10

Қасым-Жомарт Тоқаев Франция құрамасын жеңісімен құттықтады

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция құрамасын Ресейде футболдан өткен Әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Францияны ұлы жеңісімен құттықтаймын!», - деп жазды Қ. Тоқаев Twitter желісіне француз тілінде.

Сонымен бірге, Сенат басшысы Әлем чемпионаты туралы пікір білдірді.

«Ресейде футболдан өткен Әлем чемпионаты ұйымдастыру жағынан ең үздік болып тарихта қалды. Ресей Федерациясы әлемге футбол державасы, спорттық инфрақұрылымы дамыған қонақжай ел ретінде танымал. Ресейлік басшылықты, ұйымдастыру комитетін және ФИФА-ны құттықтаймын», - деп өз сөзін толықтырды Қ. Тоқаев.

Еске сала кетсек, Франция құрамасы Әлем чемпионатының ақтық сынында хорватиялықтарды 4:2 есебімен жеңіп, футбол тарихында екінші рет жеңіске жеткен еді.