14 там, 2019 сағат 17:13

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Одақ өкілі Петер Бурианды қабылдайды

Ертең 15 тамызда «Ақорда» резиденциясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Одақтың Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Петер Бурианды қабылдайды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Ертең 15 тамызда «Ақорда» резиденциясында Мемлекет басшысы Еуропалық Одақтың Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Петер Бурианды қабылдайды. Кездесуде Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастық, сондай-ақ биылғы 17 маусымда қабылданған ЕО-ның Орталық Азия бойынша Жаңа Стратегиясы аясындағы өзара іс-қимыл мен оны іске асыру мәселелері талқыға салынады», - деп жазды Берік Уәли.