14 шіл, 2019 сағат 11:31

Қасым-Жомарт Тоқаев дзюдошы Елдос Сметовті жеңісімен құттықтады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дзюдошы Елдос Сметовті жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Белгілі спортшымыз Елдос Сметовті әлемдік дзюдо додасындағы айқын жеңісімен құттықтаймын! Жарайсың, бауырым! Биік шыңдарға жете бер! Өзің сияқты спортшылардың жетістіктері - жас буынға жақсы үлгі» деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.

Айта кетейік, қазақстандық Елдос Сметов Будапеште дзюдодан өтіп жатқан Гран-при турнирінің жеңімпазы атанғанын хабарлаған болатынбыз.