17 сәу, 2019 сағат 07:47

Қасым-Жомарт Тоқаев: Димаш Құдайберген - ән өнеріндегі құбылыс

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әнші Димаш Құдайбергенге қатысты пікір білдірді. 

Мемлекет басшысы өзінің Instagram-дағы парақшасында Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мизиёевпен және әнші Димаш Құдайбергенмен түсуен суретін жария етіп, пікір қалдырды.

"Димаш Құдайберген - ән өнеріндегі құбылыс, нағыз талант иесі. Қазақтың мәдениетін, ән өнерін шартарапқа паш етіп жүрген виртуоз. Кеше қазақтың мақтанышына Өзбекстан жұртшылығы да тәнті болып, өнеріне қол соқты. Димаштың әлі талай биіктерді бағындырарына сенімдімін және тілектеспін" деп жазды Тоқаев желідегі парақшасында.

Айта кетсек, Ташкентте Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылу рәсімі өткен болатын. Гала-концертке Қазақстанның танымал өнер иелері мен саxна шеберлері Д. Құдайберген, Ә.Дінішев, А.Мұсаходжаева, М.Мұхамедқызы, М.Мудряк, М.Шотабаев, Н.Бекмұхамедов және басқалар қатысты.