23 нау, 2019 сағат 09:04

Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы жұмыс сапарын қасиетті Түркістаннан бастады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы жұмыс сапарын қасиетті Түркістаннан бастады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап. 

"Сапар барысында облыс орталығы құрылысының барысымен танысу, бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандарды аралап көру, сондай-ақ өңірдің жұртшылық өкілдерімен кездесу жоспарланып отыр", - деп жазды Берік Құрманғали өзінің Фейсбуктегі парақшасында.