#
#
Сенбі 21/07/2018

Қаскелең мен Шамалғанның атауларын өзгерту ұсынылды

  • 12.04.2018
  • 0
  • 1342

Алматы облысының Шонжы ауылында «Батыр бабаларды ұлықтау парызы» атты ғылыми конференция өтті. Жиын барысында елді мекендердің қазақ халқына жат атауларынан арылу мәселесі көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты, Ұйғыр ауданының әкімі және «Әлмерек баба» қорының ұйымдастыруымен өткен шараға ғалымдар, тарихшылар, қоғам қайраткерлері және жергілікті тұрғындар қатысты.

«Алматы облысындағы бірқатар елді мекендердің атауын өзгерту керек. Тарихшылар осындай бастама көтеруде. Мәселен, Қаскелең, Шамалған, Мұқыры, Шонжы, Боралдай. Бұл атаулардың түп-тамырына үңілсек, қалмақ, жоңғар батыр-қоңтайшыларының есімдері. Шапқыншылық кезінде қазақ даласында қаза тапқан қалмақ батырларының есімін жаудың мысын басу үшін әдейі қойған.  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы енді осы олқылықтардың орнын толтырудың бір жолы», -  дейді ғылыми конференцияға қатысқан тарихшылар.  

"Жоңғар батырының атымен аталып кеткен елді мекеннің бірі - Ұйғыр ауданының орталығы. Жергілікті халықтың өзі бұл атауға аса көп мән бере бермейді. Ал тарихшылар Шонжының қазақтың Әлмерек батыры қолынан қаза тапқанын алға тартады. Сондықтан тарихты зерделеп,мұрағатты ақтарып, дәл осындай атаулардан арылсақ, Жетісу жері ғана емес, тұтас қазақ жері рухани жаңғырар еді дейді", - Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты директорының қоғаммен байланыс жөніндегі орынбасары Әуезхан Шашаев.


Тарихшының айтуынша, тарихи санамызды қалпына келтіруді қаржымен, қандай-да бір материалдық өлшеммен өлшеуге болмайды. Сондықтан санамызға сіңген осындай өрескел қателіктерді түзеуіміз керек. "Сонда ғана біз өзіміздің тәуелсіздігімізді сақтап, болашақ ұрпағымызға осы еліміздің тізгінін бере аламыз", - дейді ол.  

Тарихшылардың бастамасын саясаттанушылар да, азаматтық қоғам өкілдері де қолдап отыр. Бірақ бұл мәселеге жан-жақты дайындалып, жіті таразылап, кірісу керектігін алға тартады. Қалмақ батырларының есімінен бөлек ел мен жерге жат атаулар әлі де көп. Патшалық Ресей және Кеңес дәуірінен қалған ауыл аттары өзгергенімен, ескіше аталып жүрген елді мекендер де жоқ емес. «Сондықтан сананы жаңғыртпай, болашақты бағдарлау да оңайға соқпас», - дейді ғалымдар.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар