#
#
Дүйсенбі 22/10/2018

"Қасіретті жылдар тағылымы"

  • 30.05.2018
  • 0
  • 1569

29 мамыр күні ҚР Ұлттық музейінде 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Қасіретті жылдар тағылымы» атты көрме және дөңгелек үстел өтті.

Көрменің ашылу салтанатында сөз алған ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары Марал Балтышев: «Ол нәубат жылдардың қазақ тағдырына тигізген әсері зор. Саяси қуғынның құрбандары туралы мағлұматтар әлі де зерттеліп, зерделеніп жатқаны анық. Құғын-сүргінге ұшыраған тұлғаларымызды еске алып, тарихымызды тану біздің басты парызымыз. Бүгінгі көрме соның бір көрінісі болмақ. Қазаққа келген осындай қиындықтардың салдарынан  халық қырылып, саны азайып кеткені ақиқат» деп, пікір білдірді.  

Тәуелсіз Қазақстанның ең алғаш қабылдаған заңдарының бірі  1993 ж. 14 сәуірдегі «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заң еді. 1997 ж. ҚР Президенті Жарлығымен 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жарияланды. Бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде аталған датаға орай түрлі шаралар ұйымдастырылуда.

Көрмеге қуғын-сүргін құрбаны болған әулет өкілдері – Қожыков Қожа Ахмет, Қожыков Құлахмет,  Қожыкова Латипаның салған суреттері қойылды. Қожықовтар әулетінің жеке коллекциясынан көрсетілетін туындылар қатарында қарапайым ауыл тұрғындарының тұрмыс-тіршілігін көрсететін картиналар да бар.

Құлахмет Қожыковтың қызы Сәуле Қожықова: «Л. Қожыкова жүзден астам өрнектік туындылардың авторы. Оның жұмыстары Мәскеу, Санкт-Петербург, Будапешт, және Вашингтон музейлерінде сақтаулы. Оның тәрбиелеп өсірген төрт ұлы да өнер қайраткерлері. Қожа Ахмет Қожыков өте талантты кәсіби график суретші, Құлахмет – театр және кино суретшісі, Сұлтан Ахмет – өнер қайраткері, Нұрахмет – мүсінші болған. Бүгінгі көрмеге Қожыковтар әулетінің шығармалары қойылып отыр. Жалпы 80-ге жуық туынды ұсынылды» деді.

Сталиндік қуғын-сүргінге зерттеушілер саяси репрессияны, ашаршылықты, халықтар депортациясын жатқызады. Бұл оқиғалардан 4 миллиондай Қазақстан азаматы зардап көрді. 1920-30-жылдардағы ашаршылықтан түрлі дерек бойынша қазақ халқының жартысына жуығы қырылды. 20 мыңнан астам адам түрмеге қамау, ату сияқты қатал жазаға кесілді.

Көрменің ашылу салтанатынан кейін музейдің кіші мәжіліс залында  «Қасіретті жылдар тағылымы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға тарихшы ғалымдар, музей саласының мамандары, саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары және Астана қаласындағы ЖОО-ның студенттері қатысты.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар