26 ақп, 2020 сағат 09:50

Кәсіпорындар мен қоғамдық орындарда сұйық сабын болуы тиіс - Бас санитар

ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин кәсіпорындар мен қоғамдық орындардың дезинфекциялық режимін күшейтуді сұрады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Әлемде коронавирус инфекциясының таралуына байланысты кәсіпорындардың басшыларына үндеу жасағым келеді. Дезинфекциялық режимді күшейтіп, барлық қоғамдық ұйымдарда қол жууға жағдай жасалуы керек. Міндетті түрде сұйық сабын қойылуы тиіс», - деді Жандарбек Бекшин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен бірге, бас санитарлық дәрігер кәсіпорын басшыларына дезинфекциялық режимнің сақталуын жіті қадағалауды тапсырды.

«Әсіресе, супермаркеттер мен медициналық мекемелерде дезинфекциялық режим сақталуы қажет. Сағат сайын есік тұтқалары мен баспалдақ маңайы тазартылып тұруы керек», - деді ол.

Бұған дейін коронавирус инфекциясынан қорғану бойынша Қазақстан азаматтарына бірнеше елге бармау жөнінде кеңес берілген еді.