06 сәу, 2020 сағат 09:38

Қашықтан оқытуда бастауыш сынып оқушыларына ата-ананың қолдауы керек

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова қашықтан оқыту кезінде бастауыш сынып оқушыларына ата-ананың қолдауы керектігін айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Төртінші тоқсанды қашықтан оқытуға байланысты балаға бірінші апта қиын болатыны түсінікті. Осы жағдайда балаға ата-ананың қолдауы өте қажет. Сондықтан ата-ана баласына қолайлы жағдай жасап, үстелі мен оқу құралдарын бірге даярлап, эмоциялық әрі психологиялық жағынан көмектесуі керек. Көбіне бастауыш және орта буын оқушыларына ересектер өз тарапынан қолдау жасауы тиіс», - деді вице-министр онлайн брифингіде.

Сонымен қатар Шолпан Каринова қашықтан оқыту кезінде бүгін таңертең бастауыш сынып оқушылары білім беру жүйелерін белсенді пайдаланғанын айтты.