16 қаң, 2019 сағат 18:52

Қашағанда мұнай өндіру 45 күнге тоқтатылады

Қашағанда мұнай өндіру 45 күнге тоқтатылады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" НКОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

НКОК (North Caspian Operating Company) «Болашақ» жерүсті кешені мен Қашаған кен орнының D теңіз кешенінде күрделі жөндеу жұмыстарын өткізуді жоспарлап отыр. Атап өткенде, D аралы мен «Болашақ» мұнай және газ даярлау қондырғысындағы технологиялық жабдықтардың жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстары жүргізіліп, өндіріс толық тоқтатылады. Өндірісті тоқтату мерзімі 45 күнге жоспарланған. Жөндеу жұмыстарына мердігер компаниялар қызметкерлерінің көп саны тартылатын болады» делінген хабарламада.

Күрделі жөндеу жұмыстары кезінде барлық жабдықтар тоқтатылып, мұнай, газ және күкірт өндірісі толық тоқтатылады. Ал бұған дейін өндірілген мұнай сақталмай, экспортқа жіберіледі.

Еске сала кетейік, Атырау облысының Қашаған теңіз кен орнындағы НКОК компаниясы 13,2 миллион тонна мұнай өндірген.