21 там, 2019 сағат 16:54

KASE: Доллар бағамы төмендеді

Қазақстан қор биржасында (KASE) сәрсенбі күні өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы Т+1 есебімен (USDKZT_TOM, келісім аяқталғаннан кейін келесі күнгі есебімен) 1 долларға 386,04 теңгені құрады, деп хабарлайды KASE.

Сейсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 0,86 теңгеге төмендеді. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға – 385,9 теңге, ал ең жоғарысы 386,5 теңге болды. Сауда көлемі 175,38 млн долларды құрады.

Сейсенбі күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 386,9 теңгені құрады. Сауданың жалпы көлемі 106,96 млн доллар болды.