#
#
Жексенбі 16/12/2018

Қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған жаңа сайт ашылды

  • 15.11.2018
  • 0
  • 1113

Қазақстан Ұлттық Банкі Fingramota.kz сайтының іске қосылғанын туралы хабарлады.

Қаржылық сауаттылық – адамның қаржылық әл-ауқатын көтеруге және осы деңгейде өмір бойы қалуына мүмкіндік беретін білім. Қаржылық тұрғыдан сауатты адам өзінің кірістері мен шығыстарына қатысты шешімдерін саралап, ақылға салып қабылдайды, қаржы әлемінен хабардар болады, қаржылық қызметтерді оңтайлы таңдайды, қаржылық қызметтерді тұтынушы ретінде өз құқықтарын біледі.

"Назарларыңызға Fingramota.kz сайтын ұсынамыз, ол қаржы нарығының қатысушылары мен журналистерге ғана емес, өзінің қаржылық сауаттылығын арттырғысы келетін көптеген оқырмандарға пайдалы болады" дейді Ұлттық банк өкілдері.

Сайтта 8 бөлім бар: «Ұлттық валюта», «Депозиттер», «Кредиттер», «Сақтандыру», «Отбасы бюджеті», «Төлемдер мен аударымдар», «Нормативтік құқықтық база», «Зейнетақы жүйесі». Fingramota.kz сайтында әрқашан да валюталардың жаңартылған бағамдары, қаржы жаңалықтары, қаржылық сауаттылық жөніндегі бағдарламалар берілген бейнегалерея және басқалары бар.

Қазіргі кезде Fingramota.kz сайты әзірленіп, дамытылуда, тиісінше, бұл ресурста әлі де көптеген қызықты да пайдалы кеңестер, пікіртерімдер, фото және бейнематериалдар жарияланатын болады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР