#
#
Сейсенбі 19/03/2019

Қаржы министрінің бірінші орынбасары тағайындалды

  • 15.03.2019
  • 0
  • 162

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Берік Шолпанқұлұлы Шолпанқұлов ҚР бірінші қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Б. Шолпанқұлов 1976 жылы Алматы облысында туған. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін экономист-бухгалтер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы ҚР Қаржы министрлігі жанындағы Қазынашылық Мемлекеттік қарыз және кассалық қаржы басқармасының қазынашысы болып бастады. Түрлі жылдары ҚР ҚМ жанындағы қазынашылық жүйесінде басшылық қызметтерді атқарды. 2008 жылдан 2014 жыл аралығында ҚР қаржы вице-министрі болды. 2014–2016 жылдары — ҚР қорғаныс министрінің орынбасары. 2016 жылдан бастап қазірге дейін ҚР қаржы вице-министрі лауазымын атқарды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар