26 мау, 2019 сағат 14:15

Қаржы министрі: «Арысты қалпына келтіруге үкімет резервінен қаржы бөлінеді»

Бүгін ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов тілшілер алдында есеп беріп, Арыс қаласындағы тұрғын үйлерді, инженерлік желілерді, әлеуметтік инфрақұрылымдарды қалпына келтіруге үкімет резервінен арнайы қаржы бөлінетінін мәлімдеді, – деп хабарлайды Ұлт ақпарат.

«Арыс қаласындағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірінші кезектегі шараларды қабылдау мақсатында мемлекет басшысы мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды бөлу туралы қаулы етті. Барлық қажетті шаралар ұйымдастырылды. Қазіргі таңда келтірілген залал көлемін бағалау үшін қажетті есептер әзірленді. Барлық қалпына келтіретін жұмыстарды үкіметтің бақылауында жеделдетілген режимде атқаратын боламыз» деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ, ведомство басшысы Nur Otan партиясының бастамасымен «Арыс – біз біргеміз» акциясын қолдап Қаржы министрлігі мен оның комитетттері бір күндік жалақыларын аударғанын атап өтті.