27 жел, 2016 сағат 16:38

Қару-жарақ саудасы нарығындағы көшбасшылар аталды

-  АҚШ конгресі қару-жарақ саудасы нарығындағы әлемдік көшбасшыларды атады. 2015 жылы АҚШ жалпы сомасы 40 млрд. долларға қару сатып, осы нарықтағы көшбасшылығын сақтап қалды, деп жазды РБК The New York Times-қа сілтеме жасап.

Конгрестің деректеріне сәйкес, 2015 жылы АҚШ қару-жарақ сату нарығындағы көшбасшылығын сақтап қалды, екінші орында - Франция. Мәскеуде Ресей бұл көрсеткіш бойынша АҚШ-қа ғана жол беріп отырғаны  хабарланды.

Зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, 2015 жылы әлемдік қарулану нарығы 2014 жылмен салыстырғанда 9 млрд долларға қысқарды: мәмілелердің жалпы сомасы 80 млрд долларды құрады. Төмендеу көбіне дамушы елдердің қару-жарақты сатып алуының қысқаруынан орын алды. 2014 жылы олар қаруды 79 млрд долларға сатып алса, бір жылдан кейін шетелден алынған қару-жарақтардың жалпы сомасы 65 млрд долларды құрады. Сатып алуға жасалған келісімшарттар бойынша Катар көш бастап тұр. Ол 17 млрд долларға шарт жасасқан. Мысыр - 12 млрд доллар, Сауд Арабиясы 8 млрд долларға мәміле рәсімдеді.